«Ештеңеге зауқым жоқ»

 «Ештеңеге   зауқым жоқ»

Ұзақ уақыт бойы шаршау, көңіл күйдің үнемі болмауы, өзіне деген сенімділікті жоғалту, депрессия – адамның бәрінен түңілуіне әсер етеді. Егер дер кезінде мамандарға қаралып, емделмесеңіз тек психикаңызға ғана емес, денсаулығыңызға едәуір зиян келтіресіз.

Бұның бір симптомы – апатия (адамның ештеңеге құлшынысының болмауы, оған жігер беретін ештеңенің қалмауы).

Екіншісі – ангедония (тіпті осы уақытқа дейін жаны сүйіп келген іс болса да, ештеңеден ләззат ала алмау, қуана алмау).

Үшіншісі – когнитивтік функциялар. Яғни есте сақтау қабілеті, ойлау жүйесі, мұқият болуы мен сөзді жүйелеп сөйлеуі де нашарлай бастайды. Төртіншісі – жаман ойлар (дұрыс тамақтану мен ұйқыны бұзады).

Адамның бәрі алдына мақсат қойғанда оның үнемі орындала бермейтінін, қанша ауыр еңбек етсе де, жете алмайтындығын қабылдай бермейді. Қайтсе де қоғамда өз маңызын сезініп, жетістікке жеткісі келеді. Ұзақ уақыт өзі қойған «идеал»-ға талпынып, одан алыс екенін ұғыну көбін үнемі шаршай беретін, әлсірей беретін, ештеңеге зауқы болмайтын күйге түсіреді.

Бұл депрессияға ұқсас күйге түспес үшін «аспандағы ай» емес, шынайы орындалатын мақсаттар қойыңыз. Жай ғана болмысыңыз, өмірде бар екеніңіз құнды. Ішкі алауыңызды сөндіріп алмау үшін денсаулығыңызға, ойларыңызға көңіл бөліңіз. Жан дүниеңізге қараңыз. Бекерге өзіңізге өзіңіз зақым келтіре бергеннен табатыныңыз тек ауру мен өлім.

Дидар ҚАЙРАТ
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 63
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 63
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 170
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 170
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 313
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 535
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 484

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9188
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8586
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11814
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9583
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10797