Еуропа елдері Украинаны қолдауды жалғастырады

Еуропа елдері  Украинаны  қолдауды жалғастырады

Еуропадағы біраз елдің лауазымды тұлғалары дүйсенбіде (31 наурыз) Испания астанасы Мадридте бас қосты. Кездесуге Ұлыбритания, Франция, Италия, Польша және Испанияның сыртқы істер министрлері, мемлекеттік хатшылары, сондай-ақ Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас және ЕО-ның жоғары деңгейдегі қорғаныс комиссары Кубилюс қатысты. Германия мен Украинаның өкілдері бейнеқоңырау арқылы қосылды. Жиналыс соңында бірлескен мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде қатысушылардың «Еуро-Атлантика   қауіпсіздігінің  негізі» саналатын НАТО-ға адалдықтарын әйгілеп, «Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын табанды түрде қолдайтындықтарын», «Украинаға саяси, қаржылық, экономикалық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық қолдау көрсетуді жалғастыратындықтарын, сонымен бірге бейбітшілік үдерісін ілгерілету үшін Ресейге қаратылған санкцияларды ұлғайта беретіндіктерін» жариялады.

Жиналысқа  қатысқандар бірауыздан Украинаның болашағы «Еуропаның қауіпсіздік үшін өте маңызды», сондықтан ЕО Украина бойынша бітімгершілік келіссөздерге толық қатысуы керек және Еуропа «бейбітшілікке қол жеткізуде өз рөлін ойнауға» дайын екендігін атап өтті.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

 

03.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 349
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 494
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 338
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 198

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568