Қазақстан 2025 жылға дейін шикізаттық емес тауарлар экспортын екі есе ұлғайтуды көздеп отыр. Бірақ бұл тек қағаз жүзінде қалуы мүмкін. Мәселенің шешімі қандай? Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов: «Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын. Оның ішінде Шведт мұнай өңдеу зауытына қатысты ұсыныстар қаралуы мүмкін. Өйткені бізде Еуропалық Одақпен тікелей шекара жоқ. Сондықтан ондай ұсыныстарды мұндай өтініш болған жағдайда қарастыруға болады. Қазір жеткізілім тізбегі бойынша әртүрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Мұнайды тұтынатындар басқа механизмдерді қарастыруда. Бірақ мұны барлық жерде іске асыруға мүмкіндік жоқ. Өйткені мұнай құбырлары жүйесі бір күнде өзгермейді, оны бір жылда салу мүмкін емес. Қазақстанға келетін болсақ, бұл, әрине, транзит мәселесі», – деді.
Еске салсақ, Германия Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауыты үшін Қазақстаннан мұнай сатып алуға ниеті барын хабарлаған. Шведтегі зауыттың қуаты жылына 11,6 млн тонна мұнай өнімдерін құрайды. Кәсіпорын жобалау кезеңінен бастап тарихи түрде «Дружба» мұнай құбырымен және Ресей Федерациясының кен орындарымен байланысты.