Еуропарламент Қазақстанға қатысты қарар қабылдады

Еуропарламент Қазақстанға қатысты қарар қабылдады

    РИА Новости.: «Еуропа парламентінің депутаттары Қазақстандағы соңғы наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге байланысты адам құқықтарын қорғау туралы қарарды басым дауыспен қабылдады», деп жазады. Бұл қарарда олар халықаралық тергеуді бастауға, сондай-ақ қазақстандық шенеуніктерге «адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін» ЕО режимі аясында санкциялар салуға шақырып отыр. Құжатты дауыс берген 671 депутаттың 589-ы қолдаса, 35-і қарсы болды, 47-сі қалыс қалды. Еуропа парламентінің қарары міндетті түрде орындалуы шарт емес, бірақ ЕО институттары мен Еуропа елдері оларды назарға алады. Қарарда депутаттар, атап айтқанда, Еуроодақ кеңесін «2022 жылдың қаңтарындағы наразылықтар кезінде адам құқықтарының өрескел бұзылуына жауапты қазақстандық жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты жеке санкциялар енгізуге» шақырған. Еуропарламент депутаттары сондай-ақ Еуроодақ пен халықаралық қауымдастықты «елдегі екі апталық митингілер кезінде Қазақстан халқына қарсы жасалған қылмыстарды халықаралық тергеуді дереу бастауға» үндеді. Құжатта «Алматыда және Қазақстанның басқа елді мекендерінде «жоғалып кету», азаптау, негізсіз ұстаулар, мергендер арқылы адам өлтіру, бейбіт демонстранттарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды жарақаттау туралы ақпараттарды» тергеу қажет делінген.

Ермек Сахариев
21.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 873
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6942
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10783
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7015
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7154