Еuronews: «Франция жаңа жылдың бірінші күні Еуропалық одақ төрағасы қызметіне кірісті, кезекті төрағаның құзыреттілігі алты айға созылады», – деп хабарлайды. Елді басқару мерзімі тақалуға жақын қалған Франция президенті Эммануэль Макрон: «1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін созылатын төрағалығымыздың мақсатына келер болсақ, ол – өз шекарасы аумағында қызмет ететін Еуропадан толығымен тәуелсіз, өз тағдырына өзі басшылық ететін мықты Еуропаға айналу. Аталған егемендікке Шенген аумағының реформасы арқылы жету керек. Біріншіден, Шенгенді саяси басқаруды бекіту керек. Екіншіден, шекарадағы дағдарыс жағдайында жедел қолдау көрсету тетіктерін ойластыру керек», – деді. ЕО Кеңесінің жұмысына алда болатын Франциядағы президенттік жарыс сөзсіз әсер етеді. Наурыздың аяғы мен сәуірдің аяғына дейін француз саясаткерлері ішкі саясатқа көбірек көңіл бөлетін болады. Алайда Париж дипломаттарының Брюссельдегі қызметі бұрынғы қарқынмен жалғаспақ. Сонымен қатар француз қоғамының назары ел ішіндегі жағдайларға қарай ауысады. Осы жылдың ортасында төрағалық Чех Республикасына өтеді.