Футбол: Әлем чемпионатының плей-офф кезеңі басталды

Футбол: Әлем   чемпионатының плей-офф кезеңі басталды

Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Турнирдің келесі плей-офф кезеңіне 16 команда шықты. 1/8 финал 3 желтоқсанда басталды. Бұл күні  Нидерланд АҚШ құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Гол авторлары: Депай, Блинд, Райт – Думфрис. Аргентина Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Гол авторлары: Месси, Альварес – Фернандес (өз қақпасына). 4 желтоқсанда Франция  Польшаны 3:1 есебімен жеңді, гол авторлары: Оливье Жиру, Киллиан Мбаппе (дубль) – Роберт Левандовски. Англия мен Сенегал арасындағы матч 3:0 есебімен ағылшындар пайдасына шешілді. Гол авторлары: Джордан Хендерсон, Харри Кейн, Букайо Сака. 

5 желтоқсанда  Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары кездесіп, ойында 4:1 есебімен бразилиялықтар жеңді. Гол авторлары: Винисиус Жуниор, Неймар (он бір метрлік айып добынан), Ришарлисон, Лукас Пакета - Пайк Сын Хо. 

  Ал Хорватия мен Жапония арасындағы кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын тағдыры 11 метрлік айып добын соғуда 3:1 есебімен хорваттықтар пайдасына шешілді. 

   Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында 6 желтоқсанда Португалия мен Швейцария командалары күш сынасты. Португалдықтар қарсыластарын 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Гол авторлары: Гонсалу Рамуш -3, Пепе,  Рафаэль Геррейро,  Рафаэль Леао – Мануэль Аканджи. 

Испания мен Марокко арасындағы кездесу сенсациямен аяқталды. Командалар негізгі уақытта 0:0 есебімен тең ойнап, ойын тағдыры пенальти соғумен шешілді. Қарсыластарын 3:0 есебімен ұтқан марокколықтар 4\1 финалға шықты. Енді олар келесі кезеңде Португалиямен сайысады. 

Ермек Сахариев
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2301
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 8323
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 12209
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 8368
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 8530