Футболға намысты жігіттер келуі тиіс

Футболға намысты жігіттер келуі тиіс

Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі. Футбол десе ең алдымен есімізге «Реал», «Мадрид», «Барселона» командалары түседі. Ал біздің қазақ футболы қандай деңгейде? Қазақ балалары неге өзімізден гөрі өзгелерге көбірек жанкүйер болады? FIFA тізімі бойынша 133-орында тұруымыздың өзі-ақ қазақ футболының деңгейін көрсетіп тұрған жоқ па? Былтырғы жылы өткізген 7 жолдастық кездесудің біреуін жеңіп, бесеуінде жеңіліп, біреуін тең есеппен аяқтаппыз. Бірақ нәтижесі көңіл қуантарлық болмаса да, біздің футболшылар миллиондап жалақы алады. Неге? Осы сұрақтар бәрімізді мазалайды. 

Дәрігерлер мен мұғалімдер, кітапханашылар мен тәрбиешілерден футболшылардың жалақысы неге жүз есе көп деп ренжиміз. Енді ойлап қараңыз. Жоғарыда айтылған мамандардың қайсысының халыққа пайдасы көбірек тиіп жатқаны айтпаса да түсінікті. 

Елімізде футболды алға сүйреу мақсатында мемлекеттік бюджеттен қаншама қаржы бөліп, допты түзу тебуді үйрету үшін балаларды шетелге оқуға да жібердік. Мысалы 2014 жылы Бразилияға 25 бала оқуға барды. Соның нәтижесі қайда? Кейде біздің футболшылар елінің мақтанышы емес, мазағы болып жүргендей көрінеді. Неге дейсіз бе? «Жайдарман» командаларының екі әзілінің бірі Қазақстан футбол құрамасы туралы. Ащы әжуамен футболшылардың санасын оятайын дейтін шығар. Бірақ соған футболшы інілеріміз барып алып, ыржың-ыржың етіп күліп отырады. Құдай-ау, сені мақтап жатқан жоқ, сын айтып отыр ғой. Намыстан жарылып кетпей ме? Қашан біз Месси мен Роналдоға қарағандай, сүйсініп футбол көрер екенбіз? 

«Qazaqstan dauiri» газетінің  тұрақты оқырманымын. Қазақстан Премьер лигасы чемпионатында 14 команда ойнайды. Франция, Германия, Италия, Испания, Португалия, Ресей сияқты дамыған елдерде 18-20 команда Премьер лигада ойнайды. Тағы бір қызығы, Қазақстан Премьер лига чемпионатында шетелдік ойыншыларға ойнауға рұқсат берілген. Сонда қазақ футболшылары доп теппей ме деп қауіптенеміз. Себебі шетелдік ойыншылардың жалақысы да өте жоғары. Елдің айтуынша, олардың алатын айлығы 20-30 мың доллардан асатын көрінеді. Осы қаржыларды неге өзіміздің ойыншыларға бермеске деген ой туады. 

Қазақстан Премьер лига чемпионатында жерлесіміз «Тараз» командасы 12-орында тұрды. «Тараз» командасы шетелдік ойыншыларға бірнеше миллиондаған қаржы қарыз болуынан ба екен, әйтеуір былтырғы жылы бірнеше лигаға түсіп қалды. Жалпы, біздің ойымызша, футбол жылы аймаққа тән ойын. Десек те, біздің елімізде керісінше, солтүстік жақтың командалары алда жүреді. Қысқасы, 2010 жылдан бері «Тараз» командасы бірде-бір жүлдеге ие болмапты. 2022 жылы «Тараз» командасының жаттықтырушысы Нұркен Мазбаевтан үлкен нәтиже күткен едік. Үмітіміз ақталмады. Ал былтырғы жылы командамыз Қазақстан Премьер лига чемпионатына шығуға тиіс деп ойладық. Командаға ауызбіршілік, сәттілік тілейміз. 

 

Қайыржан ШӨКЕЕВ,

Орынбасар ИМАНБЕРДИЕВ,

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

 

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8771
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8171
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9154
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10385