Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, Айша бибі ауылындағы «Super Pharm» фармацевтикалық зауытының мүмкіншілігімен танысты
Өнеркәсіп саласындағы жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі, бүгінде 650 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жылына 15 млн дана бірреттік медициналық бұйымдар шығаратын зауыттың бүгінде қуаттылығы артқан.
Жұмысын 2011 жылы 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған зауыт бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық заттарды өзімізге де, көршілес мемлекеттерге де экспорттайды.
Жұмысшылардың айлық жалақысы 165-280 мың теңге аралығында.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған бетперделер мен шприцтер, системалық құралдар, спиртті салфеткалар мен бинт, лейкожапсырмалар, ота жасауға арналған құрал-жабдықтар: қайшы, пышақтар жиынтығы өндіріледі. Өңір басшысы ЖШС директоры өндіріс зауытынан бөлек жергілікті елді мекеннің ажарын ашуға да үлкен үлес қосып жүргенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ жұмысшыларға да жағдай жасалған. Жаңадан орналасқан азаматтар техника тілін меңгеру үшін арнайы курстарды тегін оқып, кәсіпке үйренеді. Тағы бір айта кетерлігі жұмыс беруші балалар үйінен шыққан, тұрғын үйі жоқ жандарға зауыт ішінен салынған 100-ге жуық орынды жатахана мен асхана тегін қызмет көрсетеді.
Бұл еліміз бойынша алғашқы фармацевтикалық зауыт екені тағы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Қаймолдаевтың айтуынша, осы күнге дейін медициналық бұйымдарды өндіру үшін шикізатты сырттан тасымалдайтын болса, енді сол шикізатты өндіру үшін зауыттың аумағынд үлкен корпустың құрылысы аяқталды. Бүгігде зауыттың қуаттылығы артып, жұмыспен қамтылатын азаматтар қатары көбейе түспек.
Құрылыс жұмыстары мен кажетті құрылғыларды орнату үшін 1,7 млрд қаражатын жұмсаған серіктестік алдағы тағы бір клрпустың жұмысы басталатынын жеткізді.
Ғали Қуанұлы жергілікті әкімдік тарапынан қолдау болатынын алға тартты