Газға қосылу жеңілдейді

Газға қосылу жеңілдейді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов газға қосылу үшін талап етілетін құжаттар тізімі 2 есе қысқарғанын хабарлады. 

– Өздеріңіз білетіндей, көгілдір отын елорданың экологиясына да, қала тұрғындарының өміріне де оң әсерін тигізеді. Үйіне газ кіргізу үшін құжат жинау мәселесі бойынша бізге тұрғындар жүгініп жатады. Осыған дейін газға қосылу үшін міндетті түрде құжаттың 8 түрі талап етіліп, іс бірнеше айға (6 айдан аса) созылып кететін. Енді осыған байланысты құжаттар тізімін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл шара мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында қабылданады. Бұған дейін Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерінің, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және т.б. қатысуымен Үкіметте арнайы кеңес өтіп, газға қосылу бойынша құжаттар тізімін қысқарту мәселесін қарастырдық. 

Қаламызда Сарыарқа және Алматы аудандарын толықтай газдандырдық. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, квартал ішіне желілер тартылды. 14 мың абонент газға қосылды, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарттар алды, сол сияқты 3,5 мыңнан астам (25%-дан астам) үй газға қосылды. Осыған қатысты бірқатар жеңілдіктер қабылдадық: мұқтаж санаттағы тұрғындардың газға қосылуы үшін әлеуметтік көмек бөлінеді. Ал әлеуметтік көмек мөлшері 413 мың теңгеге дейін ұлғайды, қала тұрғындарының бәріне тегін түрде есептегіштер беріледі, сондай-ақ пайызсыз кредит беру бағдарламасы да бар.

Жазда Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын тарту жұмысын бастаймыз. Мәселен, Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Телман елдімекендері, «Family Village», «Garden Village» шағынаудандары және т.б. Сол сияқты Шұбар шағынауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр. Есіл және Байқоңыр аудандарында алдымен жеткізуші газ құбырын, ал келесі жылы квартал ішіне желілер саламыз.

Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бас-аяғы 13 су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Ал ЖЭО-3 құрылысы қайта жанданды, құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтамасыз ету үшін 3 газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр.

Қолға алынған шаруалардың бәрі қаланың экологиясын жақсарта түседі. Газдандыру жұмысы мемлекет басшысының тікелей бақылауында, – дейді елорда әкімі А. Көлгінов.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424