Ғимараттан секірудің астарында әлеуметтік теңсіздік жатпасын!

Ғимараттан  секірудің   астарында   әлеуметтік теңсіздік   жатпасын!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша жер бетінде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне қол жұмсайды екен. Ал Қазақстан суицид саны бойынша әлемде 20-орында тұр, соның ішінде 10-19 жастағы жасөспірімдер арасында 10-орынға тұрақтаған. 

Астаналық полицейлер ғимараттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды. Не үшін секірмек болғаны әлі жұмбақ. Тұрмыс тауқыметі ме, жоқ әлде психикалық ауытқу ма?  

«Елордада әйел ғимарат үстіне шығып секірмек болған», – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті», – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған. Болған оқиғаға қатысты тексеру шарасы жүріп жатыр. Айта кетсек, биыл ақпанда елорда полицейлері көпірден секірмек болған бойжеткенді аман алып қалған еді. Ол аз десеңіз, көпқабатты үйлерден белгісіз себептермен құлап кетіп өлгендер қаншама.

Біреу тоңып, біреу тойып секірген қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Шындығын айтайық, әлеуметтік жетімсіздік, тұрмыс қиындығы кей адамдарға әсер етуде. Шиеттей бала-шағасымен баспанасыз қаңғып жүрген отбасылар көп.  Әділетсіз заң орындарына өкпелі ағайын да жетерлік. Ақ адал маңдай терімен тапқан еңбекақысын ала алмай сандалып жүргендер қаншама. 

Қоғамдағы әділетсіздік осылай жалғаса берсе, күндердің күнінде ашынған пенделер ғимараттардың төбесіне, крандардың басына, көпірлердің үстіне шығып, биліктен өз құқығын талап етуі әбден мүмкін. Оны болдырмаудың бір жолы – Жаңа Қазақстанның жаңаша сипатта өркендеуі. Ол үшін ел сенімін арқалаған шенеуніктер әділ, турашыл болса жетіп жатыр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 672
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8820
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429