ҒЫЛЫМ ҚУҒАН ӘРБІР ІЗДЕНУШІ МАҚАЛАСЫН «SCOPUS»-ҚА ШЫҒАРУҒА ҚҰШТАР

ҒЫЛЫМ ҚУҒАН ӘРБІР ІЗДЕНУШІ МАҚАЛАСЫН  «SCOPUS»-ҚА ШЫҒАРУҒА ҚҰШТАР

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының бас менеджері, жас маманНұржан Бижомартұлының көлемді мақаласы «Scopus»-та ағылшын тілінде жарық көрді.

Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетелік, «Scopus» – ғалымдардың  есімін дүниежүзілік ғылым әлемінде танымал етудің басты критерийлерінің бірі. Сондықтан, ғылым қуғанәрбір адам өз саласындағы позициясын нығайтуүшін, әрі рейтингісін көтеру мақсатында ол жердежариялануға ынтазар

Соңғы мәліметке жүгінсек, бұл базада 25 100  астам басылымда жарық көрген 77,8 млн шығарылым индекстелген көрінедібұдан басқа әртүрлі конференцияларда сөйленген 9,8 млн баяндама мен 44 млн патентті табуға болады екен.

Бірден айту керек, жариялану да оңай шаруа емес.

Нұржан Сейсенбек ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген маман. Әріптесіміздің «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген аралас оқытудың бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілі бойынша үлгеріміне және ағылшын тілі сабағына қатынасына әсері» мақаласы күллі әлемге мәшһүр аталмыш бірыңғай библиографиялық және реферативтік базада тегін басылды.

Мақаланың мазмұнын қысқаша айтып беруді өтінгенімізде Нұржан Бижомартұлы былай деп жауап берді: «Зерттеудің мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және бастауыш мектепте ағылшын тілі курстарында дәстүрлі оқыту әдістерін қолдана отырып, аралас оқу бағдарламасының әсерін салыстырмалы зерттеу болды»

Зерттеу бақылау тобымен алдын ала тестілеуден кейінгі эксперименттік үлгі бойынша жүргізілдіҚазақстандағы бастауыш мектепте 4-сыныпқа баратын 60 бастауыш сынып оқушыларының (30 эксперименттік және 30 бақылау) қатысуымен өткізіліпті. 

«Зерттеу барысында эксперименттікпроцедураны бастамас бұрын бақылаутоптарынан алдын ала тест алындыАлдын ала тест ретінде ағылшын тілінен академиялықүлгерім шкаласы мен бір пәнге қатынасықолданылдыЭксперименттік топ компьютер көмегімен аралас оқытуды пайдалансабақылаутобы дәстүрлі оқытуды пайдаландыЭксперименттік қосымшалар сегіз аптағасозылды

Зерттеу барысында тәжірибелік жәнебақылау топтарына пост-тест ретінде бірдейшкалалар қолданылдыТесттен кейінгі екіаптадан соң екі топқа да есте сақтау сынағыретінде ағылшын тілін орындау сынағы берілдіЗерттеу нәтижелері бойынша эксперименттіктопта қолданылатын аралас оқытудыңкомпьютерленген қосымшасы ағылшын тіліндежоғары нәтижелерге қол жеткізугеоң көзқараспен оқуды тұрақты етуге мүмкіндік берді» деді ол. Біз жас ізденушіге табыс тілейміз.

07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1503
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7538
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11413
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7578
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7739