Ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

Ғылыми жобалар  байқауының жеңімпаздары

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары алтын және қоладан медаль тақты. 

19 секция бойынша өткізілген додаға  718 жоба ұсынылды. Сырбойылық өрендер жаратылыстану-математикалық бағытта зерттеушілік жұмыстары мен бірегей өнертабыстарын ұсынды. Жүлделі бірінші орын иеленген 12-сынып оқушысы Жанар Сабихан  (жетекшілері: Жеңісбек Жалмұрзаев пен Сәкен Сүлейменов) көлік кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіру арқылы қаланы жарықтандыру мәселесін қарастырды.  Ал векторлық әдіс арқылы онлайн тақтаның қаламсап құралының жазу сапасын жетілдіруді ұсынған 10-сынып оқушысы Бекжан Бектұрған (жетекшісі: Нұрбол Уақбаев) үшінші орынмен         марапатталды.

11-сынып оқушысы Еңлік Мұратбек пен Назгүл Ыдырыс (жетекшісі: Әділжан Науан) ойлап тапқан  егін алқаптарының өнімділігін бақылау және өнім көлемін болжау жүйе егіншілердің жұмысын оңтайландырып, өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты да әділқазылар алқасы жоғары бағалап, арнайы Грамотамен марапаттады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 334
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 479
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 326
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 181

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18243
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18103
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33292
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31841
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35557