«Halyq Bank» халықтың сөзін сөйлеп жүр ме?

«Halyq Bank»    халықтың сөзін             сөйлеп жүр ме?

Халықтың атынан сөйлеу «модаға» айналған заманда өмір сүріп жатырмыз. «Халқым» деп көкірегін керген талай шенеуніктің,  талай блогердің арты былық, алды тамұқ болып абақтыға тоғытылғанын да көзіміз көруде. «Халқым» деп ән салып жүрген әнші мен спортшы да жетерлік. Әйтеуір бәрі халықшыл. Көпке топырақ шашпайық, халықшыл болып жүргендердің ішінде шынымен де халыққа жаны ашитындары бар болар.

Өкінішке қарай, олар өте аз. Саусақпен ғана санарлық. Көпшілігінің ниеті мен пиғылы халықты бетперде етіп, шаруасын дөңгелетіп алу. 

Ал халықтың атын арқалаған банк туралы не айтуға болады? Егер ол шынымен халықтық банк болса, халыққа несиені төменгі пайызбен беруі керек еді ғой.  Логикаға салсақ солай. Бірақ халық атын арқалаған банк атына заты сай ма?  Бұл мәселе Парламент Мәжілісінде көтерілді.  

 Естеріңізге салайық, бір аптаға жуықтады,  Ұлттық банк пен Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі Мәжілісте банктер туралы заң жобасын таныстырып жатыр. Осы отырыстардың бірінде 

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Halyq Bank атауына «халық сөзін» қолдану заңға қайшы деп, елді елең еткізді.

 – Менен бір сарапшы сұрады. «Неге Halyq Bank-ке «халықтың банкі» деген атауды беріп қойғансыздар?» – дейді. Азаматтық кодексте Қазақстан Республикасының атынан атау қоюға тыйым бар. «Халық» деген ұғым – Конституциялық термин. Халық атынан сөз сөйлеп, көпшілікке шыға  алатын   тұлғалардың саны шектеулі. Ал бұл банк халықтың атын өздеріне алған, «Халықтың банкіміз» деп елді шатастырып жүр. Қарапайым адам «Халық банк» деген халықтың банкі екен деп ойлайды. Кешіріңіз, кім оған ондай атау қоюға рұқсат берді? Әділет министрлігі осыған кірісіп, атауды қайта қарап, талқылауға шығару керек. Ол «халық» сөзін қолдана алмайды. Өйткені бұл – конституциялық термин. Әділет министрлігі қорытынды берсін, – деді депутат.

 Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бұл сұраққа жауап беруге құзыреті жоқ екенін айтып, «мәселе заңнамалық тұрғыдан тексеруді қажет етеді» деп, қысқа ғана жауап қайырып құтылып кетті. Әділет министрлігі не деп уәж айтар екен?

 

Нағашыбай Қабылбек
27.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 321
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 166
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 467
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 315

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33279
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31830
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35535