Жаңа жыл қарсаңында Huawei компаниясы Астана қ. әкімдігінің қолдауымен қалыптасқан дәстүр бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 балаға арналған жыл сайынғы мерекелік шырша өткізді.
St.RegisAstana қонақ үйінің банкет залында өткен іс-шара балаларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап қана қоймай, оларды болашақ ғылыми жаңалықтар мен зерттеулерге шабыттандыруға арналған. Жаңа жылдық қойылымның тақырыбы ғарыштық әлемдер мен жаңа ғаламдар болды, бұл тақырып балалардың білімге деген құштарлығының артуына түрткі болды.
«Балалар – әр елдің болашағы. Балалардың армандары, қызығушылығы мен энергиясы бізді бұдан да жақсырақ болуға шабыттандырады. Әр баланың оқуға, армандауға және жаңалық ашуға мүмкіндігі бар әлемді елестетіп көріңіз. Біз әлеуметтік жауапкершілік бастамалары арқылы осындай әлемді құруға тырысамыз. Huawei компаниясында біз балаларды қолдауға жауапкершілік алдық және бағдарламаларымыздың көмегімен білім беруді және тұрақты дамуды қолдағымыз келеді», - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan Бас директорының орынбасары Фарида Толеубаева.
Мерекелік шырша бағдарламасында ерекше эксперименттер, жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынылған танымдық конкурстар ұйымдастырылды және әрбір кішкентай қатысушыға Аяз атадан сыйлықтар берілді. Қызықты шаралардың арасында қонақтарға атаулы сыйлықтар беріліп, мерекелік дастарқан жайылды.
«Әр бала жаңа жылдық ертегіні күтеді және балалық шақтың бақытты естеліктері өмір бойы біздің жадымызда қалады. Біз Huawei сияқты алдыңғы қатарлы компаниялардың бизнестің шегінен шығып, қоғамымыздың әл-ауқатына бағытталған бастамаларға белсенді қатысып жатқанына куә болып жүргенімізге қуаныштымыз. Осындай қызықты және есте қаларлық іс-шаралардың көмегімен біз ең кішкентай азаматтарымыздың өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасаймыз», - деп атап өтті Азамат Айтхожин, қоғам қайраткері, «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Алматы» аудандық филиалының төрағасы, «АМАНАТ» партиясынан Астана қаласы мәслихатының депутаты.
Huawei компаниясының бұл бастамасы корпорациялардың қоғамдық өмірге қатысуының маңыздылығын және оның әлеуметтік әсер ету мүмкіндіктерін көрсететін корпоративтік жауапкершіліктің жарқын мысалы болып табылады. Осындай қайырымдылық жобалары арқылы Huawei басқа компанияларды инклюзивті және қамқор қоғам құруға көмектесуге шабыттандыруға, сондай-ақ балалар үшін жарқын болашақ құруға белсенді түрде үлес қосуға тырысады.