Идеологиялық жұмыстардың игілігі мол

Идеологиялық жұмыстардың игілігі мол

Өңір халқының мәдени, рухани, идеологиялық бағыттағы тіршілігі мен болашағы аймақ өмірінің басты айнасы. Бұл ретте атқарылған жұмыстар да, алдағы жоспарлар да аз емес. Өткен жыл өңір шежіресі үшін атаулы даталарға толы болды. Биыл да жоспарға енгізілген өскелең ұрпаққа тағылымы мол шаралар жетерлік. Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың төрағалығымен өткен жиында ағымдағы жылы атқарылатын істер жан-жақты талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылды.

Ең әуелі сөз алған облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев өткен жылғы оң нәтижелі көрсеткіштерге толыққанды тоқталып өтті.

Айтуынша, өткен жылы өңірде 10 000-нан астам қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Оның ішінде республика көлемінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы, Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы, Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы, облыс көлемінде Арғынбай Бекбосынның 85 жылдығы, Несіпбек Дәутайұлының 75 жылдығы, Бақытжан Ертаевтың 70 жасы, «Aq jol» газетінің 100 жылдығы сынды мерейтойлар жоғары деңгейде өткізілген. Салтанатты шаралар арасында мемлекеттік мерекелер де жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Саяси шаралар да назардан тыс қалмаған.

Биылғы жыл да атаулы даталарға толы. Салалық басқарма басшысы 2023 жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, Төле бидің 360 жылдығы, жазушы, ақын Дулат Шалқарбаевтың 100 жылдығы, жазушы Әкім Таразидің 90 жылдығы, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жылдығы сынды мерейтойлар маусымдық шаралармен емес, өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол боларлық жобаларға негізделіп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Алмас Қадырбекұлы Мемлекет басшысының БАҚ туралы Заңды қайта қарау туралы тапсырмасын да атап өтті. Былтырғы жылдың қорытындысымен аймақта ресми тіркелген 81 БАҚ, оның 45-і баспа құралдары, 3-еуі телеарна, 33-і ақпараттық агенттіктер бар екенін айта келе, мыңдаған оқырманның талайғы рухани серігіне айналған «Aq jol», «Знамя труда», «Ar-ai» газеттері тілшілеріне қаламақы беру мәселесін де жеткізді.

Басқарма басшысы қаламақы тек аталған басылым тілшілеріне ғана емес, сонымен қатар тұрақты авторларға да берілетінін атап өтті. Бұл бағытта басқарма тарапынан 12 миллион теңге қаражат қаралып отыр екен.

Алдағы уақытта аталған қаражат көлемін ұлғайту мәселесі де жоспарланыпты. Оған қоса облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы «Қоғамдық келісім» мекемесі мамандарының айлығын көтеру мәселесін сұрады. Басқарма басшысы бұл мәселе бойынша тиісті құжаттардың дайын екенін атап өтіп, «Қоғамдық келісім» қызметкерлерінің жалақысы таяуда елу пайызға көтерілетінін жеткізді. Қоғам белсендісі Исламбек Дастан облыс басшысы мен өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдерінің кездесуін ұйымдастыруды сұрады.

Жиын барысында сөз алған «Aulieata- Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Оралхан Дәуіт облыс әкімдігінің қолдауымен биыл Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Аймақ шежіресін жарыса жазып жүрген журналистерге жағдай жасау бағытында жаңа техникалар алу мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл ретте ішкі саясат басқармасының басшысы үш бірдей облыстық газеттің электрондық форматта да заманауи талапқа сай ақпарат таратып отырғандығын айрықша атап өтті.

Сонымен қатар басқосу барысында азаматтық қоғам институттарының жұмысы, этносаралық қарым- қатынасты нығайту, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен Тараз қаласы, аудан әкімдіктерімен әлеуметтік тапсырысты орындауға қатысты әріптестік байланыс аясындағы ілкімді істер мен ұсыныстар айтылды.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ, aqjolgazet.kz
27.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 229
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 596
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 539

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9242
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8639
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11865
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9636
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10847