ІІМ Әкімшілік полиция комитеті балалар мен ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті балалар мен ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті балалар мен ата-аналарға үндеу жасап, кейде қарапайым тентектік немесе болмашы жанжалдың санаулы секунд ішінде ауыр жағдайға ұласуы мүмкін екенін ескертті. Балаларды орынсыз тәуекелге бармауға, арандатуға ермеуге және қандай да бір әрекет жасамас бұрын оның салдарын ойлауға шақырды.

Үндеуде нағыз күштің тәуекелге баруда немесе жанжалға жауап беруде емес, дер кезінде тоқтай білуде екені атап өтілді. Бір сәт кідіріп, эмоцияға берілмей, «Бұдан кейін не болады?» деп ойлану кей жағдайда ауыр зардаптың алдын алуы мүмкін.

Ата-аналарға балаларымен осындай жағдайларды жиі талқылап, тек «болмайды» деп тыйым салумен шектелмей, оның себебі мен ықтимал салдарын түсіндіру ұсынылды. Сондай-ақ баланың араласатын ортасын білу, эмоционалдық жағдайына назар аудару және өзімен бірге қандай заттар алып жүргенін бақылау маңызды екені айтылды.

Комитет қандай да бір мәселе туындаған жағдайда оны жасырмай, дер кезінде көмекке жүгінуге шақырды. Үндеудің негізгі мәні — кейде санаулы секунд ішінде қабылданған бір дұрыс шешім денсаулықты, болашақты, тіпті өмірді сақтап қалуы мүмкін.

 

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27916
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27409
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44765
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40460
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45088