Инвесторға Қазақстанды таңдаған тиімді. Неге?

Инвесторға Қазақстанды таңдаған тиімді. Неге?

Бұл сауалға кәнігі сарапшылар мен білікті мамандар: «Ең алдымен, Қазақстан әлемнің аса ірі екі нарығы – Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан. Бұл салымшыға экспорттық әлеует және ірі азиялық және еуропалық нарықтарға қолжетімділік тәрізді артықшылықтар береді. Орналасуының арқасында, Қазақстан Еуразиялық құрлықтың дәл ортасындағы заманауи транзиттік торапқа айналды.  

 

Біздің еліміз 500 млн астам тұтынушысы бар аймақтық нарыққа ие, оның ішінде 180 млн астам тұтынушысы бар ЕАЭО, Орталық Азия нарықтары (50 млн), Батыс Қытай (300 млн) және Каспий теңізі елдері (150 млн) бар.  Сонымен қоса, Қазақстан «Белдеу - жол бастамасын» іске асыруда басты рөл атқарады. Жалпы ұзындығы 10 000 шақырымнан 3000 шақырымнан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді, бұл оны негізгі құрлық жолы дәлізінің маңызды учаскесі етеді және тасымалдау уақыты мен құнын едәуір төмендетеді.  Ел Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстанға $330 млрд-дан астам тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартылды. Бұл факт инвестициялық саясаттың тиімділігін көрсетеді.  Бұл ретте ҚР Үкіметі ЖІӨ-ге жалпы ТШИ көлемінің ара қатынасын 2022 жылға қарай 19 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.  Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мәселен, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап инвестициялар тарту функциясы ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілді, өз кезегінде инвестицияларды тарту саясаты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне берілді. ҚР СІМ құрылымына ҚР Үкіметімен құрылтайландырылған және оның атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші болып табылатын, инвесторлармен келіссөздер жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыруды бақылау бойынша барлық құзыреттер берілген Инвестициялар жөніндегі комитет пен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ берілді.  Инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша идеяларды іздеуден бастап жобаны пайдалануға беруге дейінгі қолдау көрсетудің толық қызметтер спектрі көрсетіледі, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізеді, бұл әрбір инвестормен және жобамен дәлме-дәл, барлық кезеңдерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұндай механизм өңірлерден жобаларды тікелей шетелдік мекемелерге әлеуетті инвесторларды іздеу үшін және керісінше таратуға мүмкіндік береді.  Бүгінде Үкіметтің командалық жұмысының арқасында инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» жасалды: қазақстандық заңнама мен рәсімдерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылды, шешімдер қабылдау ашықтығы қамтамасыз етілді, әкімшілік жүктеме төмендетілді.  Кез келген компанияға преспективалы саланың, өткізу нарықтарының болуы ғана емес, бизнес үшін қолайлы ортаның болуы да маңызды. Ал бұл институционалдық орта, заңнаманың тұрақтылығы, визалық режим шарттары мен басқа да көптеген құрауыштар. Сондықтан инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді, инвесторларды қолдауды, қолайсыз факторларды анықтау мен жоюды қамтитын жаңа тәсілдер әзірленіп, енгізілді.  Отандық инвесторларды қолдау мәселелерінде бизнесті кеңейтуге әзірлік кезінде стратегиялық инвесторларды іздеу, жаңа нарықтарға шығу, өндірістік-өткізу байланыстарының синергиясын қамтамасыз ету тәрізді маңызды мәселелер қамтылады, себебі, инвесторларға жергілікті серіктестер, адал жеткізушілер қажет.  Ел экономикасына инвестициялар тарту жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-мониторингтік CRM-жүйесі енгізілуде, оған оларды іске асыру бойынша барлық келісімдер, әзірленген жол карталары кіреді, барлық процеске қатысушылардың – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері бекітіледі.  «KAZAKH INVEST» ақпараттық-мониторингтік жүйесінде барлығы $54,3 млрд сомасына 228 инвестициялық жоба бар. Оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен $46 млрд-қа жуық сомаға 168 жоба іске асырылуда және жоғары дережеде пысықталуда.  Бүгінде «KAZAKH INVEST» паплайнында түрлі іске асырылу сатыларында жалпы сомасы $3,1 млрд болатын 27 АӨК жобасы бар.  2018-2027 жылдарға арналған «KAZAKH INVEST» дамыту Стратегиясын іске асыру аясында елге инвестициялар тарту жұмысы жүйеленді. Компания әлеуетті инвесторларға ұсыну үшін жаңа «тауашақ» жобаларды іздеу мен іріктеу жұмыстарын жүргізді.  Осы жұмыс нәтижесінде жергілікті бизнестен 200-ге жуық инвестициялық жоба жиналды. «KAZAKH INVEST» «Deloitte»-мен бірлесіп металлургия, газ химиясы, тамақ өнеркәсібі, туризм және басқалары тәрізді салаларда 60 «тауашақты» жобалар бойынша бизнес-жоспарлар, тизерлер және қаржы модельдерін әзірледі.  Мұндай инвестициялық жобалар тізімінің болуы инвесторлардың Қазақстанда қандай салалар мен өңірлерге инвестиция салу керектігі туралы сұрақтарын тудырмайды.  Инвестиициялық әлеует пен нақты жобаларды ілгерілетуде ірі компаниялардың басшылығын жинайтын инвестициялық іс-шараларды өткізудің маңызы зор. Бұл – іскерлік байланыстар орнату және инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру үшін тиімді алаң, осындай шаралар алаңдарында инвесторлармен егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізу, шешімдер қабылдауға ықпал ететін нысаналы инвесторлар, факторлар алдын ала зерделенеді, қазақстандық тараптан мүмкін болатын серіктестері іріктеледі.  Қазіргі кезде Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ пен 24 индустриялық аймақ жұмыс істейді, олар инвесторларды түрлі салық түрлері мен кеден салықтарынан босатады.  АЭА-тарда құрылған инфрақұрылым қолжетімді, жер телімі бар. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасқан жағдайда инвесторлар импорттық жабдықтар мен шикізаттарға кеден салықтарынан босатылу, нақты гранттар, салық жеңілдіктері тәрізді ивнестициялық артықшылықтарға ие бола алады.  Сонымен қатар, Қазақстанның астанасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) іске қосылуы заңның үстемдігін қамтамасыз ету және инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды бастама болып табылады.  АХҚО соты мен «International Arbitration Center» ( ҚР сот жүйесінен жеке және тәуелсіз) АХҚО-да азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең жоғарғы халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін ағылшындық құқық сот жүйесін білдіреді.  Орталық Орталық Азия, Кавказ маңы елдері, ЕАЭО, Таяу Шығыс, Батыс Қытай, Моңғолия және Еуропа компаниялары мен инвесторлары үшін қаржы хабы болып табылады. АХҚО қатысушыларына 50 жылға дейін салық жеңілдіктері, жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режимдері ұсынылады. Бұл жұмысы ағылшындық құқыққа негізделген өңірдегі бірден-бір орталық.  АХҚО бүгінде жасыл, ислам және иннвоациялық қаржы құралдарын дамытудың аймақтық орталығына айналуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие.  Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ҚР-да инвестициялық қызметті ынталандыру мақсатында Тікелей инвестициялар қоры құрылды, ол тең инвестиция салу қағидатымен инвесторлардың қатысуымен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», – деп жауап береді.  

Ермек САХАРИЕВ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765