Спорттық гимнастика: Түркия елі Конья қаласындағы байрақты бәсекеде Спорттық гимнастика бойынша ұлдарымыз алғашқы жарыс күнін командалық есепте қола жүлдемен қорытындылады. Жекелей сында Нариман Курбанов пен Дмитрий Потанин үш бірдей күміс жүлдеге қол жеткізді. Нариман ат снарядында 14,8 ұпай, Дмитрий еркін жаттығуда 14,25 ұпай жинаса, Милад гимнастикалық кермеде 14,05 ұпайды еншіледі. Осылайша спорттық гимнастикада Милад Карими, Нариман Курбанов, Дмитрий Потаниндер Қазақстан қоржынына 3 күміс, 1 қола жүлде салды. Жеңіл атлетикадан Литвин Михаил алтын жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз 400 м қашықтыққа жүгіруден қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.
Ауыр атлетика: Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Ислам ойындарында үш бірдей алтын жүлдені жеңіп алды. 59 келіде сынға түскен отандасымыз жалпы есепте 220 келі (95 кг+125 кг) зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Тағы бір ауыр атлет Арли Чонтей Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарының жеңімпазы атанды. 55 келі салмақ дәрежесінде спортшымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 253 келіні бағындырып, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. (114+139)
Әйелдер күресінен Елена Шалыгина кезекті алтынды алып келді. 65 келіде сынға түскен спортшымыз ақтық сында Әзербайжан өкілін жеңді.
Таеквондодан +87 келіде Бауыржан Хасенов қола жүлдеге қол жеткізсе, грек-рим күресінен 55 келіде Аманғали Бекболатов тағы бір қола жүлдемен ел қоржынын толтырды.
Ел қоржынында 13-алтын медаль және Ислам ынтымақтастық ойындарының рекорды! Финалда Аделаида Пчелинцева 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып, Ислам ойындарының рекордын жаңартты. Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, ойындарда қарсылас шақ келтірмей, Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді жеңіп, алтын олжалады. Осылайша Қазақстан құрамасы 13 алтын, 5 күміс, 19 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. 1-орын Түркия: 41 алтын, 41 күміс, 32 қола; 2-орын Иран: 20 алтын, 18 күміс, 13 қола. Ал 3-орында 14 алтын, 10 күміс, 19 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы.