Ит пен мысық ерткен қария көп

Ит пен мысық ерткен қария көп

Еуропа шулап жатыр: «Туу азайды, қартайып барамыз», – деп. Шаңырақтарынан cәбидің іңгәлаған үні емес, мияулаған мысық пен үрген иттің дауысы шығып жатса қайтпек енді. Өркениетке жеткен кәрі құрлықтың бүгінгі сиқы осындай. Ілім-білімнің шыңына шыққан халықтың ұрпақ мәселесіне немқұрайлылығы, бойларынан жылылық пен құштарлықтың үйлесім таппауынан секілді. Сонымен қатар өзімшілдік, қара бастың ғана қамын ойлау, балабастылықтан қашудың салқыны да тиіп жатуы әбден мүмкін. Өйткені бала бағудың бейнеті көп. Оған үлкен шыдамдылық пен төзім керек. Бүгінгі көпбалалы қазақ әйелінің тұрмысы мен тіршілігін көрсе, Еуропаның қатындары шошып ұйықтай алмас еді. Өзінің бой басын көп күтпейтін, бала тапқанына «мәз» әйелге аяушылықпен қарап, мүсіркеуі де ықтимал. Оны айтасыз, қазақ әйелдерінің баланың күтіміне алатын тиын-тебенін көрсе, шалқасынан түсері сөзсіз. Мұны неге айтып отырмыз? Еуропаның кәрі құрлық аталуының бір себебі халқының қартайып, туудың азайып бара жатқанынан емес пе екен? Мүмкін халықтың тойынып өзіне деген сүйіспеншілігі артқан сайын туындайтын эгоистік көзқарастың тамыр жайғанынан болар. Қалай десек те, біздің менталитетімізге жат қылықтар оларда өркениеттің шыңы болып есептелінеді. Бәлкім, «әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деп бабаларымыз біліп айтқан шығар. Өкінішке орай, «олардың қаңсығы бізге таңсық». Әсіресе үй хайуандарына баласындай «елжіреп» асты-үстіне түсіп, шомылдырып, қойнына алып жатуы жақсы үлгі емесі анық. Ит пен мысыққа арнайы ас әзірлеп, олардың тәбетіне назар аударып жатқан мемлекеттер бар. Солар жомарт болып жатса, әлемнің кей елдерінде бір тілім нанға зар болып жүрген балаларға неге көмек қолын созбайды?

Қазақ қоғамына беймәлім, менталитетімізге жат, бейәдеп қылықтар XX ғасырдың ортасында ибалы келіндей имене кіріп, міне, ғасыр аяғында сарықарын бәйбішедей майысып төрімізде отыр. Еуропаның бүгінгі басты дерті Кеңес дәуіріндегі аға буынның кейбірінің өмірін тас-талқан еткенін жасырмай айтатын кез жетті. Әйтпесе, ит пен мысықты баласындай еркелетіп, ерекше мейіріммен қарайтын қарттар мен кейуаналар қайдан шықты?

Хайуандарға еміренетін «мейірбан» қарттар жайлы білетініміз аз болғандықтан, бейресми деректерге көз жүгірттік. Елімізде 20 000-ға тарта әртүрлі себеп-салдармен үйлене алмай, үйленсе де үй бола алмай жастығын өткізіп алған қарттар барын білдік. Бірінің карьера қуамын деп «қолы тимесе», екіншісінің түлкінің құйрығындай бұлаңдаған дүниені қуып шашы ағарған. Үшіншісі, етекке жармасар шақалақтан қашып, жалындаған жастығын сері күннің қанжығасына байлап, той-думанмен жүріп, ұрпақ мәселесін «ұмытып» кеткен. Төртіншісі «құлын мүшесін» сақтау үшін, әртүрлі ем-дом қабылдап, табиғатқа қарсы шығып, оңбай қателескенін кеш түсінгендер.

Бір «қуанарлығы» – бейресми деректердегі төрт аяқты хайуандарға «бауыр» басқан кәрілеріміздің 10 пайызы кезінде, кеңестік жоғары партияларда, кішігірім басшылықтарда жұмыс жасаған өзіміздің аға буын. Жартысынан көбі солтүстіктегі көршілеріміздің еншісінде.

Кәрілердің бүгінгі тіршілігін, немерелерімен емес, айтуға ұят әлгі «неменелерімен» серуендеуіне кім кінәлі? Жасында тұлға болған, қартайғанда «жұртта» қалған дейін десең, жағдайы келіп жалғанды жалпағынан басып жүргенде, келешегіне бір сәт көз тастауына болар еді ғой.

Кейінгі уақытта демография жайлы жиі айтып жүрміз. «Әр заманның өз құрқылтайы болады» дегендей, бүгінгі жастар тіршілікке өте бейім. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. Өкінішті жері, бүгінгі қоғам жастардың келешегіне көз жұма қарап отыр. Жастардың көбі үйсіз-күйсіз қаңғырып жүр. Алайда жастардың бүгінгі тыныс-тіршілігіне үңіліп, ынталандырып отырған біреуді көрсетші маған. Ресейден көшіруге келгенде алдымызға жан салмаймыз. Олардың тууды арттыру үшін жасап жатқан істері қолдауға тұрарлық. Әр туған балаға банктен шот ашып, баланың күтіміне, анаға жасап жатқан қамқорлықтарына сүйсінесің. Баланың алғашқы алымына төленетін ақшасының өзі қомақты. Көшірсек, Ресейдің осы жақсы бастамасын көшіріп алайық. Бізде неге жас босанған аналарға осындай көмек көрсетпеске?! Қазақтың келер ұрпағының дені сау, қуатты болып өсуі үшін алдымен анаға жағдай жасалуы керек. Ақшаны той-томалақ қуып далаға шашқанша, үкімет осы жағына баса назар аударса ғой. Десек те, тұрмыстың тауқыметінен қашқан сүр бойдақтар мен кәрі қыздар маңайымызда толып жүр. Көбісі қызметтің «қызығымен» жүргендер.

Жоғарыда «уайымсыз» қартайған қарттардың бүгінгі өмірін бекер қозғап отырған жоқпыз. Бала аяққа оралғы, жұмысыма кедергі дейтін жастардың өкініштің уын ішкен қарттардан сабақ алғаны дұрыс-ау. Қасиетті Құранда «өсіңдер, көбейіңдер» деп бекер айтпаған болар. «Қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» деген сөз бар қазақта.

Еуропада адамдардың ит-мысықтармен «достығы» күшейіп, сыйластығы артуы себепті төрт аяқты үй хайуандарына арнайы заң дайындалып жатқан көрінеді. Ол заңда «өсіріп» жатқан «кішкентайың» бірдеңеге ұшырап қалса, жауапқа тартатын арнайы тармақ бар екен. Бұл өзі адамды қорлау ма, жоқ әлде жалғызбастыларды қолдау ма? Түсінбедік. Жеріміз бай болса да, халқымыз кедейліктің қамытын тастай алмай келеді. Осылай жалғаса берсе, біздің бай-бағландар да, «көкке» аузы тиген жастар да бейнеті көп баладан қашып, ит пен мысықты «әлпештеп» кете ме деген қорқыныш бар. Ондай күн туса, жоғарыдағы заңның күні ертең біздің есігімізді қақпасына кім кепіл?

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590