К. Малиновский – екінші орында

К. Малиновский – екінші орында

Жерлесіміз Әлем Кубогында топ жарды. Индонезия астанасы Джакарта қаласында нысана атудан сұрмергендер сайысы өтіп жатыр. Жарыс 7 ақпанға дейін жалғасады. Жарыстың алғашқы күні пневматикалық винтовкадан нысананы көздеу бәсекесі болды. Ерлер арасындағы сында ел намысын алматылық Константин Малиновский қорғады. Ол барлық мүмкіндігін сәтті пайдаланып, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады. 1-орын жапон спортшысына бұйырды. Үздік үштікті Швеция өкілі түйіндеді. Байрақты бәсекеге бас-аяғы 15 спортшымыз аттанды. Әлем Кубогының қорытындысы бойынша үздік нәтиже тіркеген спортшыларға рейтингілік ұпайлар беріледі. Дәл осы көрсеткіш кейін Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.

Ермек Сахариев
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 334
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 181
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 479
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 326

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18243
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18103
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33292
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31841
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35557