КӘРІҚОРҒАНДА СПОРТ МЕКТЕБІ, АҚТАСТЫДА МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

КӘРІҚОРҒАНДА СПОРТ МЕКТЕБІ, АҚТАСТЫДА МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

📌Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филалының мобильді қоғамдық қабылдаулары Жуалы ауданының шалғай жатқан Жетітөбе  және Қошқарата ауылдық округінің елдімекендерінде өтті. Қоғамдық қабылдау таң ертең Жетітөбе ауылдық округінде бастау алды.

   

🔷Осылайша, қоғамдық қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген Жетітөбе ауылдық округінің Кәріқорған ауылының тұрғыны Сатаев Рахымжан ескі универмаг ғимаратын спорт мектебі ретінде ауылға пайдалануға беру мәселесін мәселесін көтерді. Оның айтуынша, аталған ғимарат жыл өткен сайын тозып,пайдалануға жарамсыз болып қалуы ықтимал. 

   

«Ауылда жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін аталған нысанның маңызы ерекше.Талантты жастарымыз да көп Болашағымыз үшін аса қажет нысан», - деді Рахымжан Сатаев.

   

🔷Өз кезегінде мобильді қоғамдық қабылдаудың құрамына кірген Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауов партияның сайлауалды бағдарламасын орындау аясында аталған ғимараттың күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді. 

 

🔷Мобильді топ келесі қабылдауын Қошқарата ауылдық округінде жалғастырды. Мұнда да тұрғындар белсенділік танытты. Ақтасты ауылының тұрғыны Пернебаева Айман Ақтасты ауылындағы ескі мектеп ғимаратының тым тар және талапқа сай емес екенін жеткізді. Мәселені шешу үшін сол ауылдағы кәсіпкерлер тұрғызған ғимаратпен келіссөз жүргізілетінін айтылды. Бұл мәселе Партиядан сайланған депутаттардың бақылауына алынды.

🔷Қоғамдық қабылдауда бұдан басқа көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, инженерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты мәселелер көтерілді. 


🔶«Партияның бастамасы өте орынды.Бүгін мен "AMANAT" партиясына өз өтінішімді айтып,оның соңғы нүктеге дейін жететініне сеніп келдім. Мобильді топқа нақты ауылдағы мәселеге жауапты мамандар келгені қуантты. Партиямызға сәттілік , - деді Қошқарата тұрғыны Туртаева Гүлпарида апамыз.

 

✅Қоғамдық қабылдауларға жалпы 55 тұрғын келді.

Бекболат Бақытжан
19.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 162
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 482
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 445

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9143
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11770
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750