Аудандық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында Жамбыл облыстық іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің қатысуымен кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету мақсатында іскерлік кездесу өтті.
Кездесу жиынға Сарысу аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері және кәсіпкер әйел-азаматшалар қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкер әйелдерге көрсетілетін қолдаулар, грант мәселелері, ҚХР-да өтетін халықаралық көрмеге Кеңестің жетелеуімен аудан кәсіпкерлерінің қатысу мүмкіндігі, Жамбыл облысында өтетін Халықаралық инвесторлық-форумға дайындық, ауыл шаруашылық кооперптивтерін құрудың пайдасы туралы айтылды.
Жиын барысында салықтар, банктік бағдарламалар туралы сала өкілдері айтып берді.
Жиынға қатысушылар өзара пікірлер алмасып, толғандырып жүрген сұрақтар мен кәсіп ашу, оны дамыту барысында кездесетін кедергілерге жауаптар алды.