Sports.kz: «WBA Super/IBF/IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр», – деп хабарлайды. Басылым дерегіне қарағанда, GGG-дың келесі қарсыласы IBF титулынан үміткер Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) болуы мүмкін сынды. Бокс кеші наурыз айында Қазақстанда өтеді деген жоспар бар. Бразилиялық журналист Уилсон Балдини: «Геннадий Головкин Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізуге келісті. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді», – дейді.