Кәсіпқой бокс: Қанат Ислам ұпай санымен ұтты

Кәсіпқой бокс:   Қанат Ислам ұпай санымен ұтты

АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өткен бокс кешінде 38 жастағы отандасымыз Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельден басым түсіп, кәсіпқой рингтегі 28-жеңісін тіркеді. 8 раундтық жекпе-жектің екінші раундынан бастап Қанат Исламның басымдығы айқын сезіліп тұрды. Аргентиналық боксшы үнемі қорғанысты ойлап, қазақ боксшысынан жасқаншақтап жүрді. Кездесудің барлық раундтары дерлік Қанат Исламның басымдығымен өтті. 6-раунд аяқталар тұста қазақ боксшысының бүйірді көздеген ауыр соққысынан кейін рингтегі төреші нокдаун тіркеді. Осылайша төрешілер қазақ боксшысының ұпай санымен жеңісін жариялады.Айта кетейік, бұған дейін Қанат Ислам 28 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңілген. Хавьер Масьель осымен 52 жекпе-жегіне шықты. Ол 51 айқастың 34-інде жеңіп, 17-сінде жеңілген. 

 

Ермек Сахариев
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 342
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 485
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 331
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 189

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18246
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18106
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31845
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35560