Кәсіпқой бокс: Жәнібек чемпиондық атағын қорғап қалды

Кәсіпқой бокс: Жәнібек чемпиондық атағын қорғап қалды

13 қарашада Лас-Вегаста өткен бокс кешінде Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентли басты жекпе-жекте қолғап түйістірді. Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың мамыр айында британдық боксшы Дэнни Дигнумға қарсы өткізіп, оны екінші раундта нокаутқа жіберген. Дензел 2022 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, төртінші раундта британдық Маркус Моррисонды мерзімінен бұрын жеңіп кеткен. Осы жекпе-жекке дейін Жәнібек Әлімханұлының есебінде 12 жекпе-жек бар болса, оның 8-і нокаутпен аяқталған, бірде-бір жеңіліс тіркелмеген. Дензел Бентли 17 жекпе-жек өткізіп, оның 14-і нокаутпен аяқтаған, бір жеңілісі бар. Айта кетерлігі қос былғары қолғап шеберлері WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағына таласты. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша, жеңіс Әлімханұлына берілді.

Ермек Сахариев
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАСПАСӨЗДІҢ БАС АУРУЫ
Дәулетбек Байтұрсынұлы, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 18.11.2022 523

Топ жаңалықтар

1
Жаңа Қазақстанды түлететін 5 ұсыныс
Show more
Болат Дүйсембі - 2022-11-28 134
2
Теннис: Әйелдер құрамасы үздік ондықта
Show more
Ермек Сахариев - 2022-11-28 129
3
Атыраудағы игі істер
Show more
- 2022-11-28 128
4
Әділетті және тұрақты болашақ үшін...
Show more
А. К. ҚОЖАХАН, Т. А. БАЗАРБАЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының қауымдасқан профессорлары - 2022-11-28 139
5
ӘЛЕМДІ ТАҢҒАЛДЫРҒАН АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ ұлттық бренд ретінде танылуы тиіс!
Show more
Голрох ЖЕМЕНЕЙ - 2022-11-28 132