Кейкі батырдың жүрегіндегі түк

Кейкі батырдың жүрегіндегі түк

Елі үшін, азаттық үшін  бас көтерген халықтың сүт бетіне шығар қаймақтарының басын кесіп алу – қас дұшпанның ең сорақы, ақтауға келмейтін  жауыздықтарының бірі. Бұл –  атам заманнан келе жатқан қанды тәсіл.  Тарихта мұндай қаныпезерліктің жүздеген емес, мыңдаған мысалы бар. Басты кесіп алып қана қоймай, оны бағанға,  халық көп жүретін жерлерге іліп қою да елді шошытудың, рухты өлтірудің таптырмас айласы.  

Шошынған жүректен,  тапталған рухтан,  жер болған намыстан,  мүжілген жігерден бұдан кейін еңсе көтеру оңай болмайтынын қалай білген жауыздар!

Әріге бармай-ақ қояйық, теріскейдегі көршіміз Санкт-Петербургте мыңға тарта бас кунсткамерада әлі күнге рухтары шырқырап жатыр! Мың бас!

Мұны маған ертеректе жазушы Думан Рамазан айтқан. Қамығып айтқан, жабығып айтқан! Еркіндікті аңсаған,  озбырлыққа шыдамаған мың бас «тұтқында» жатыр! Олар әр ұлттың рухы мықты ұландары еді...

Көкейдегі сұрақ: Ол бастар несімен қауіпті, несімен айбарлы? Неге оларды әлі күнге Ресей мемлекеті қыруар қаржымен «күтімде» ұстап отыр. Бұл не үшін керек оларға? Елдегі «оқымаған» шалдар айтады:  Ол бастар жерге қайтса,  тұтқындағы рухтары да елге оралады. Ондай қайсар рухтардың ұрпағына қайтқанын кім жақсы көреді? Сондықтан  ол «бастарды» «тұтқыннан босату» қиын шаруа. Негізі айтқан сөздерінің «жаны» бар секілді.

 Өзге «бастарда» шаруамыз  жоқ, орыс өлкесінде «сақтаулы тұрған»  қазақ  рухының көшбасшылары Кенесарының,  өзге де бізге беймәлім батырлардың бастары  ел үшін өте құнды. Әупіріммен Кейкінің басы қасиетті Торғайға оралды. Келешекте елдің де рухы оянарына сенім мол...

Торғай-Арқалық тас жолының бойында, Тасты ауылының  қырқасында Кейкі батырдың кесенесі тұр. Бассыз көмілген зиратына да қаншама жыл халық зиярат жасап,  дұға етіп келді. Кейін Кейкінің Ресейге «сапарлап» кеткен басы қайта оралып,  қайтадан арулап көмілді.  Жүрекжұтқан батыр бабамыздың жатқан жері жайлы,  топырағы торқа болғай!

Жүрекжұтқан демекші,  Кейкі батырды сатқындар орға жығып, қастандықпен өлтіргені белгілі. Ел аузында мынадай аңызға бергісіз әңгіме бар.  Кейкі батырды қапысын тауып өлтірген жауыздар басы кесілген денені көмуге апара жатып: «Осы Кейкі көзсіз батыр ғой. Оны талай рет көрдік.  Мұнда бір гәп бар болуы мүмкін.  Осының жүрегін жарып  қарайықшы. Кім көріп тұр дейсің» деп,  есіл ердің кеудесін паршалап, жүрегін суырып  алған ғой. Сонда өз көздеріне өздері сенбей тұрып қалыпты. Батырдың жүрегінде түк бар екен. Ол түк қара қошқылданып, айбар шашып тұрыпты» деседі.

 Әлгілер бұл ғажап оқиғаны халықтан қанша жасырса да, түнде түстеріне кіріп шошытқан көрінеді.  Сосын жұртқа жария етпеске амалдары қалмапты... Жүрегінде түгі бар Кейкі батыр, елінің бостандығы үшін күрескен Кейкі батыр, өлімінің өзімен елге аңыз болған Кейкі батыр халқының жадынан жер беті жойылғанша шықпақ емес.  Әлі талай ұрпақты Алланың қалауымен рухы желеп-жеберіне сенемін. 

 

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
17.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281