Келесі соғыс батыс азияда бола ма?

Келесі соғыс батыс азияда бола ма?

Дүниежүзін жайлаған соғыс қаупі сейілер емес. Соның бір бөлімі айналасымен дерлік жауласып отырған Израиль мемлекетінің қатысуымен өтіп жатыр. Жақында ғана Израильдің «KAN» телеарнасы Беньямин Нетаньяхудың 30 ұазан күні Ливандағы жағдайды талқылау үшін қысқа қауіпсіздік жиналысын өткізгендігін хабарлады. Жиналыста «Хезболла» шабуылдау және қорғаныс мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіруге тырысып жатыр деген мәлімдемелер айтылған. 

«Әл-жазира» арнасының арнасының хабарлауынша аты-жөні аталмаған жоғары лауазымды израильдік шенеунік «Хезболла әскери инфрақұрылымын ішінара қалпына келтіруге қол жеткізді» деп мәлімдеді және мұны «Ливанмен жасалған қауіпсіздік келісімінің тікелей бұзылуы» деп сипаттады.

Басқа израильдік дереккөздер «Хезболла» соңғы айларда Сириядан Ливанға жүздеген қысқа қашықтықтағы зымыранды заңсыз өткізді және өз басшылық құрылымдарын қайта құруға тырысуда деп мәлімдеді. Дегенмен еврейлер ресми арналардан таратып жатқан мқндай айыптауларына дәле болатын нақты материялдарды көрсете алмаған. Таяу шығыс сайттары осыған қарап Израиль күшетрінің қазірге дейін дәлелсіз айыптауларды алға тарта отырып жасаған сансыз шабуылдары туралы еске алып жатыр. 

Енді Израильдың шабуыл нысанасы Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» базаларына бағытталатын болмақ. 2024 жылдың қарашасында жарияланған атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Ливан аумағында күнделікті шабуылдар жалғасып келген. Бір дереккөздердің хабарлауынша Израиль армиясы Ливанға жасаған шабуылдарында 4 000-нан астам адамды өлтіріп, шамамен 17 000 адамды жаралаған екен.

Ливан мен Израильдың қақтығысқа баруына тікелей себепші болып отырған Хезболла ұйымының артқы тірегі Иран деп есептеледі. Сондықтан Иранмен тығыз байланыс бар ұйымды Израильдың қолдай қоймайтыны анық. Хезболла ливандық шииттік әскери ұйымы және Ливанда Иран үлгісі бойынша Ислам мемлекетін құруды қолдайтын саяси партия. Ресми дереккөздер «олардың идеологиясының негізінде Иран Ислам төңкерісінің көсемі Рухолла Хомейни жасаған идеологиясы жатыр. Өз қимылдарында Иран мен Сирия мемлекеттерінің қаржылай және әскери көмегін қолданады» деп санайды. Ұйымды әлемнің біраз мемлекет лаңкестік ұйым ретінде бағалайды.

Израиль биыл маусымда Иранмен болған қысқа мерзімді ұрыстан кейін айналасына тіпті де сақтықпен қаарйтын болды. Мұндайда Израиль елімен біраз уақыттан бері қырбай болып жүрген шиттік әскери ұйымның Израильге қарсы әрекет етпесіне кім кепіл дейді олар. Ақпараттық және әскери шабуылдарды қатар қолданатын еврейлер соңғы кезде «Хезболла жасақтары Ливанның оңтүстігінде қару жасап, орналастырумен қоса шетелдерден қырауар қару-жарақтар тасымалдап жатыр...»- деген хабарларды жиі таратып келеді. Израиль премьер-министрі соынмен қоса «Хезболланы залалсыздандыруға дайынбыз» деп отыр.  

Осы шағын материялды дайындап отырғанда Ливан-Израиль екі тараптың бір біріне қарсы ұшырып жатқан ракеталар саны туралы нақты есепті таба алмадық. Тек, Израиль армиясының бір басшысының айтқан «2024 жылғы қарашадан кейінгі бітімшартты бұзған шабуылдар саны шамамен 600 рет болғанын» деген мәліметті көзіміз шалды.  

Екі жақтың өзара айыптауларының барған сайын асқынып бара жатқанына қарай отырып көңілімізде ендігі соғыс өрті Азияның батысында болар ма деген күдік ұялай бастады.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
31.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 598
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 781
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 763

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19527
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19346
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34471
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33029
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36850