Кемертоған: Депутаттар алаңдаулы, әкімшілік уәде беруден шаршайтын емес

Кемертоған: Депутаттар алаңдаулы, әкімшілік уәде  беруден шаршайтын емес

Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылының тұрғындары әділеттілік үшін 9 айдан бері күресіп келе жатқанын газетіміз үнемі назарда ұстап, болып жатқан оқиғалардың бүге-шүгесіне дейін жазып келеді. Бұл мәселеде ештеңе жасалып жатқан жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Әсіресе Мәжіліс депутаттары Данияр Қасқарауов, Бақытжан Базарбек және Анас Баққожаевтар Кемертоғанға қайта-қайта келіп, ауыл тағдырына зор алаңдаушылық білдіргенін сіздер жақсы білесіздер. Өткен аптада Мәжіліс депутаты Д. Қасқарауов тағы да арнайы депутаттық сауалнама жасады. Аталған ауыл мәселесіне облыс және жергілікті әкімдіктердің әлі де немқұрайлы қарап отырғанын және оның сөзбұйдаға салынып жатқанын ашына жеткізді. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары жарық, жол, су, заңсыз сатылған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарудың қандай заңды тетіктері барын қарастыратынын осы сауалнамада қадап айтып, прокуратураға қарата нақты мәселелерді жеткізді.

 

Кемертоған ауылындағы №17 квартал тұрғындарының кезекті наразылығынан кейін осы аптаның дүйсенбісінде Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Атшабаров Рүстем және мамандардың қатысуымен олар бас қосты. Бұл басқосуда негізінен электр энергиясын заңды түрде пайдаланудың мәселесі сөз болды. Алдағы бір айдың ішінде барлық құжаттар жасалып, бұл мәселеге нүкте қоюға әкімшілік кесімді түрде уәде берді. Әрине, оның орындалуын біз үнемі қадағалаймыз.

 

 

Е. ЕШМҰРАТ
30.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14542
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29606
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31777