КЕНТАУ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

КЕНТАУ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР
Кентау қаласындағы № 5 жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Жылу температурасы +57-ні көрсетсе, кері қайтару температурасы +41. Барлық электр-жылу желілері қалпына келтірілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Мектептер мен балабақшалардың резервтік қазандықтары қосылған.
Күннің күрт сууынан және жылу құбырларындағы темпуратураның төмендеуінен қала ішіндегі жылу құбырларында ақау пайда болып, тұрғындарды әбігерге салған болатын. Арнайы бригаданың шұғыл әрекет етуінен жарылған құбырлар қалыпқа келтірілді. Қазіргі таңда қала тұрғындарын толықтай жылумен қамту мақсатында жұмыс штаттық режимде жүруде.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жылу электр орталығында болып, ондағы жұмыстарды бақылады. Білім ошақтарын аралап, жылуды тексерді. Сонымен қатар Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовпен бірге тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Кентаудағы жағдай облыс әкімінің Дархан Амангелдіұлының жіті бақылауында. Қатты желден 100-ге жуық адамнан құралған арнайы бригаданың шұғыл әрекет етуінен жарылған құбырлар қалыпқа келтірілді. Қайта-қайта қосылғаннан қазандықтағы жылыту құбырлары жұмыстан шықты. Қазір жөндеу жүргізіліп жатыр. Ертең іске қосылады. Кентау жылу орталығында жаңадан екі қазандық салынып жатыр. Алдағы қаңтар айында іске қосылады. Тағы екі қазандықты жөндеу жоспарланған. Сол кезде жылу орталығының барлық қазандығы толық жаңартылады, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Жылу орталығында соңғы рет күрделі жөндеу осыдан 10 жыл бұрын жасалған. Биыл демеушілер есебінен 4 қазандық жөндеуден өтті. Сондай-ақ 4,7 шақырымды құрайтын жылу магистралі ауысты. Әлі екі қазандық толық жаңартылады.
Айта кетейік, желтоқсанның 13-нен бастап дауылды жел соғып, қалада жарық өшкен. Салдарынан 4 қазандық сөніп, жылу желісінің температурасы 60-тан 27 градусқа дейін төмендеді. Одан кейiн кей жерлерде екпiнi 40 м/с және одан да жоғары болатын қатты желден жылу жүйесі 6 рет тоқтап қалды.
«Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Кентау қаласында №5 ЖЭО-ғы 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 350-ге жуық көпқабатты үй, 100-ден аса бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2 мыңнан аса жеке сектордағы үй бар.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
20.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9050
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654