КЕНТАУДА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 КЕНТАУДА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Кентау қаласында саналы ғұмырын халықтың ертеңі мен бүгініне арнаған қоғам қайраткері, қаза елін құру жолында аянбай еңбек еткен Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы аталып өтті. Жиын ұлтын ұлықтаған ұлының ескерткішінде еске алу шарасынан басталып, Алаш арысының рухына тағзым етілді. Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Сұлтанбек Қожанов және ұлттық мемлекет құру идеясы: тарихы мен бүгінгі тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанбектанушы Хазретәлі Тұрсұн жүргізіп отырды.
Ғылыми конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағаттары мен мұражайларының қызметкерлері, докторанттар мен жалпы білім беру мекемелерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Сұлтанбектанушы,профессор Хазретәлі Тұрсұн, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейіс, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Сұлтанбек Қожановтың жиен немересі Гүлсара Қабланова, философия (Phd) ғылымдарының докторы Саян Шылмамбетов, оқытушы Алғабек Қабыл, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ докторанты Жамелов Бағлан баяндама жасап, ұлт жанашырының өмірі, тарихы жайында пікірлер айтылды. Конференцияда Сұлтанбек Қожановтың еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар айтылды.
Тарихи мағынаға толы маңызды конференцияда бірқатар елазаматтарына қала әкімі Жандос Тасов «С.Қожановқа 130 жыл» төсбелгісімен марапаттады.
Жиынның жалғасы тұғыры биік тұлғаның 130 жылдық мерейтойына арналған дастарханға ұласты. Дастархан басында Алаш арысының ағайын-туыстары мен жақындары, елағаларыда С.Қожанов жайында ой тербеп, әңгімелерімен бөлісті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

 СЕНАТОРЛАР АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙТЫНДЫҚТАРЫН ЖЕТКІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 06.01.2025 24
Биыл айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды
Фото: «Milliy TV» телеарнасы АСТАНА. KAZINFORM https://kaz.inform.kz/news/biil-aynalimi-60-mlrd-tengen-kuraytin-36-zansiz-kriptoayirbastau-punkt-zhoyildi-54f855/ - 06.01.2025 72
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1210
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1547
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1556
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1547
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1558
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1338

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12436
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11345
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14580
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13531
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18552