Кешенді көлік тұжырымдамасы

Кешенді көлік тұжырымдамасы

Нұр-Сұлтан қаласында халық санының артып, көлік ағынының ұлғаюына байланысты жолдар мен көпірлер, жол айрықтарын көптеп салу мәселесі туындап отыр. Мәселені шешу мақсатында елордада Кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы бекітілді. Бұл халықтың жыл сайынғы өсуін және жолдардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға арналған бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында «CityTransportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты.

 – Қаланың бас жоспарында көліктік даму бөлімі бар, бірақ уақыт талабы мен урбанизацияны, жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, егжей-тегжейін (көлік-ауысып отыру тораптары, бұрылу алаңдары, жаяу жүргіншілер, бағдаршамдар және т.б.) жазып, кешенді көлік схемасының дамуын жеке бөліп көрсету қажет. Әлемдік тәжірибеде қалалық және көліктік жоспарлау қала құрылысының өзара байланысты және өзара тәуелді элементтері болып табылады, – деді Бекмырза Игенбердинов.

Сонымен қатар, көлік компаниясының басшысы қалалық көлікті басқаратын ұйымдар арасындағы үйлестіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.

 – Бұдан басқа, магистралды көшелер мен өзен арқылы өтетін қосылым санын арттыру қажет. Тұрғын кварталдардың құрылысын көліктік қолжетімділікті ескере отырып жоспарлау қажет. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қалалық көлікті басқару саласындағы стратегиялық құжат – кешенді көлік схемасын жасау ең дұрыс шешім болады, – деп атап өтті Бекмырза Игенбердинов.

Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, Кешенді көлік схемасы (ККС) қалада қалалық көлікті ұйымдастыру мен басқаруға қатысты қолданыстағы құқықтық жүйедегі олқылықтар мен қайшылықтарды анықтайды, жер пайдалану мен қалалық көлікті жоспарлауды, қалалық көлік саласына тартылған органдардың функциялары мен өкілеттіктерін біріктіреді. Бұдан басқа, қоғамдық көлік, жол-көлік инфрақұрылымы, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік ағындарын басқару, тұрақ кеңістігі және т.б. салалардағы проблемаларды шешуді ұсынады.

Кешенді көлік схемасының тұжырымдамасын қалалық мәслихат бекітті. Үкіметпен және ҚР ИИДМ-мен бірлесіп қаржыландыру көздері келісіледі, бұдан әрі ККС іске асыру үшін алынатын болады. ККС әзірлеумен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының аумағын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасында нысаналы көрсеткіштерді жоспарлау қажет болады.

Айта кету керек, елорда әкімдігі жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Биыл 100-ге жуық көше салынып, жөнделеді, соңғы екі жылда 300-ге жуық көше жөнделді, олардың жартысы тұрғын үй алаптарындағы көшелер.

Сонымен қатар, белгілі болғандай  бүгінде Ұлы дала даңғылында екі автокөлік көпірінің құрылысы жүріп жатыр, ол осы жылы аяқталады деп күтілуде. Ал Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады. Олар жолдардағы трафикті айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ Алаш тас жолының бойындағы көпірге «бүкір көпір» күрделі жөндеу, жаңа жол айырықтарын жобалау және басқа да жұмыстар жүргізілуде.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 145
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449