«Kids EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі аяқталды

 «Kids EXPO. Балалар әлемі»   көрме-жәрмеңкесі аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласында балалар жылы аясында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «KIDS EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында алғаш рет мұндай жәрмеңкені қала әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

KIDS EXPO. Балалар әлемі»: Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке өтіп  жатыр

Көрме-жәрмеңкеде стендтеріне арнайы белгі қойылған 30-ға жуық компания өз өнімдерін 30 пайызға дейін төмен бағамен сатты. Жоспарға сәйкес балаларға арналған арнайы аймақтарда 18 ақпараттық, 22 мәдени және 22 спорттық іс-шара, 20 ART шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

– Елордалық балалар тауарларына арналған «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып ала алатын алаң. Мұнда бес күн бойы отандық тауар өндірушілер, компаниялар мен ірі бренд индустриясы арасынан 100-ге жуық қатысушы өз тауарларын ұсынды. Сонымен қатар бес күнде 80-нен астам іс-шара өтті. Қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылды. Екінші қабатта білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесері, оқыту әдістері, тренингтер мен шеберлік сабақтары, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімі болды. Арнайы көрмеге балалар салған суреттер қойылды. 

Тағы бір айта кетерлігі, білім беру орталықтарынан, музыка мектептерінен, Оқушылар сарайынан арнайы мамандар келіп, балаларды қалаған үйірмелеріне жазып алып жатты. Отандық тауар өндіруші кәсіпкерлер мектеп жабдықтарын да (парта, тақта, орындық секілді) саудаға шығарды. Мұндай көрме-жәрмеңке келешекте жыл сайын өткізілмек, – деді «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы Гүлжан Сергибаева. 

«Kids EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесіне арнайы келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: 

– ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша Сауда министрлігі «Атамекен» ҰКП және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, ірі сауда орталықтары және базарлармен кеңсе тауарларына, сөмкелерге, аяқкиімге және басқа да мектеп керек-жарақтары бағасын ұстап тұру мәселелерін шешуі тиіс.  Ол үшін облыс және аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында төмендетілген бағамен мектеп жәрмеңкелері, сондай-ақ мектеп автодүкендері шалғай ауылдарға шығады, – деп атап өтті.

Ұйымдастырушылар алғашқы екі күнде көрме-жәрмеңкеге 20 мыңнан астам адам келді дейді. 

Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр | BAQ.kz

– Алғаш рет өтіп жатқан көрме-жәрмеңке өзіме қатты ұнады. Балаларымды арнайы ұйымдастырылған ойын алаңына қалдырып, асықпай аралап шықтым. Тауарлардың бағасы қала дүкендері мен базарларындағы бағадан әжептәуір арзан әрі сапалы екен. Балама сөмке, дәптер, мектеп формасы секілді біраз заттар алдым. Кейінгі жылдарда да мұндай жәрмеңке ұйымдастырылса, қарапайым халыққа жақсы болар еді. Өзімнің үш балам сабаққа барады. Биыл балалардың мектеп формасы мен дәптерден бастап, барлық керек-жарағы қатты қымбаттап кетті. Дегенмен балаларымды биылғы оқу жылына дайындап үлгердік, – деді қала тұрғыны Мәрзия Әбдімәлікова.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 378
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645