23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас таланттардың шығармашылығына қолдау көрсету және кітапхананың заманауи бейнесін таныту мақсатында «Кітап – рухани байлық кілті» » әдеби ымырт ұйымдастырылды.

Шара кітапхананың тыныс тіршілігін бейнелеген көріністен басталды. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары «Кел, досым, кітапханаға!» атты әуен ырғағындағы флешмоб билеп, «Кітаптар мұңы» атты театрландырылған көрініс ұсынды.
Кеш қонақтары ақын, Қазақстан Республикасының айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі, айтыскер ақын Балтабаев Мұқағали және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шалибекова Ғалия өздерінің төл туындыларын оқып, сөз өнерінің құдіретін паш етті.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлері мұзбалақ ақын М. Мақатаевтың шығармаларынан әдеби композиция сахналап, «Ойлан, тап!» интеллектуалды ойынына қатысты.

Мерекелік кеште «Smart oner mektebi» ЖК-дің «Томирис» би тобының орындауында «Аманат» қазақ биі, патриоттық рухтағы әндері шырқалды. «Қазақ ағартушылары», «Алаш арыстары»,«Балалар әдебиеті» бөлімдерінен тұратын «Кітап-сарқылмас рухани қазына» атты кітап көрмесі таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
















