Көгілдір отын – халық игілігіне

Көгілдір отын – халық игілігіне

 

         Қазіргі таңда еліміздің өркендеу жолында газдандырудың рөлі ерекше. Елді мекендерге табиғи газ тарту – тек тұрмысты жеңілдету ғана емес, сонымен бірге экономикалық өсім мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды қадам.

          Қазақстанда газдандыру саласы елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытында қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың стратегиялық маңыздылығын ерекше атап өтіп, газ инфрақұрылымын жаңғырту мен халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Президенттің айтуынша, халықтың өмір сүру сапасын арттыру тікелей тұрғын үйлерді газдандыру деңгейіне байланысты. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ету және 1700 шақырымнан астам газ құбырларын жаңарту тапсырылды.

        Бүгінгі күні елімізде газдандыру деңгейі 60 пайыздан асып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 62 пайызға дейін өсіп, 12 миллионнан астам қазақстандықтың үйіне көгілдір отын жеткізу жоспарланған. Бұл жұмыстар аясында еліміздің әр өңірінде инфрақұрылымды дамыту, жаңа газ құбырларын тарту, газ өңдеу зауыттарын салу жұмыстары жалғасып жатыр. Мәселен, Қашаған мен Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы жүріп жатыр, бұл елдегі газ тапшылығын жоюға және ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді.

       Газдандыру мәселесі моноқалалар үшін де маңызды. Қазіргі таңда Қазақстандағы 20 моноқаланың тоғызында ғана газ бар. Қалған 11 қалада бұл мәселені шешу 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Әсіресе солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру үшін «Сарыарқа» магистралды газ құбыры мен Ресейден газ тарту мәселесі қарастырылып отыр. Сонымен қатар, мемлекет газ саласын 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен реформалап, газдандыру деңгейін 65 пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр.

        Президент Тоқаев газдандыру жұмыстарының кейбір өңірлерде баяу жүргізіліп жатқанын сынға алып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін бірнеше рет ескерткен болатын. Газдандыру тек халықтың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, еліміздегі экологиялық ахуалды да оң бағытта өзгертеді. Көгілдір отынға көшу арқылы көмір мен мазут секілді зиянды отын түрлерінің үлесі азайып, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемі қысқарады.

       Қазақстандағы газдандыру жұмыстары – халықтың әл-ауқатын арттыруға, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ел экономикасының тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам. Алдағы жылдары бұл саладағы жобалар толығымен жүзеге асса, Қазақстанда газдандыру деңгейі жоғары елдердің қатарында болатыны сөзсіз.

Саяжан ҚАЙДАР

 

20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805