Ауыл экспедициясы республиканы аралап жүр

Ауыл экспедициясы республиканы аралап жүр

«Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ауыл» партиясы, Ардагерлер кеңесі,  «Мөлдір бұлақ» журналы, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтының бірлескен «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» атты  дәстүрлі экспедициясы Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе облыстарында

Дәстүрлі экспедициямыз ежелден жыраулар мекені Ақтөбе өңіріне табан тіреді.  Бас директорымыз Сәуле Мешітбайқызы бастап келген топты жерінің асты мен үсті байлыққа тұнған, еңбекшіл елі, даңқты тұлғалары бар өңір жылы қарсы алды. Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Мұхтарұлы Байнешов мырза күтіп алды. Жарқырап жайнап, көше шамдарымен көмкерілген Ақтөбе қаласына қарап көңіл тояды. Іскер басшы жол бойы келе жатып алдағы үш күннің жоспарын да жасап тастады. 13 қазан күні  аудан  әкімінің орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлымен кездестік. Одан кейін аудан активтерімен тікелей, әр ауданның басшыларымен онлайн бір мезгілде жиналыс басталып кетті. Жиналыстың тізгінін алған Жолдас Нұрланұлы Астанадан келген Сәуле Мешітбайқызы мен Алматыдан келген Дәулетбек Байтұрсынұлын көпшілікке таныстырды. Білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Бисембайқызы мен Ақтөбеде жаңадан құрылған Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Тұрсынғазыұлы баяндама жасады.

Келесі кезекте Сәуле Мешітбайқызы сөз алып, ұлт болашағы, ұрпақ тәрбиесі,  баспасөз мәселесі туралы жан жүрегімен жарылып ойын ортаға салды. Әрі жинақы, әрі маңызды мәжілістен кейін Әлібек Байнешов бізді бастап облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровтың қабылдауына кіргізді. Сәуле Мешітбайқызы экспедиция мазмұнын төрт министрлік пен екі партияның қолдап отырғанын атап өтті. Өңір басшысы Асхат Берлешұлымен көп жылдан бергі таныстық пен қызметтік қарым-қатынас жылы шырайлы әңгімеге жалғасты. Біз де өз кезегімізде «Спорттағы  биік  жетістіктеріңіз, табысты жылдардағыдай, халыққа жасап жатқан қызметіңіз де әркез сәтті болсын! Халықтың аманатын, Президенттің сенімін әрқашан чемпиондық деңгейден түсірмеңіз!» деген тілегімізді білдірдік. 

Әр кәсіптің, әр шаруаның науқанды кезеңі болады. Біздің «егін егетін» шақ осы кез, өнім жиналатын мезгіл жылдың басы. «Балапанды күзде санаса», біз қыс мезгілінде санаймыз. «Оқитын ұлттың» белгісі баспасөзге жазылудан байқалады. 

Ақтөбенің атқа мінген азаматтары «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналына жақсы пейіл, зор қолдаушылық танытты. 

Ақтөбе облысының әкімі  Асхат Шахаров қабылдап өңір басшысымен жылы жүздесу болды. 

Ақтөбе телеарнасына сұхбат бердік. Телеарна қызметкерлері экспедициямен бірге жүріп, жаңалықтармен бөлісіп отырды. Алға және Қобда аудандарында халықпен кездесу жоғары деңгейде өтті. Сәуле Мешітбайқызы БҚО бағытына жолға шықты. 

 Экспедициялар туралы толық мәліметті газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар! 

Дәулетбек Байтұрсынұлы

16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19981
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19801
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34954
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33514
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37328