Аралды сақтау, трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару және өзге де өзекті мәселелер барлық тараптың тығыз ынтымақтастығын қажет етеді

Аралды сақтау, трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару және өзге де өзекті мәселелер барлық тараптың тығыз ынтымақтастығын қажет етеді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма отырысына қатыстым. Жиынға Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиезода және Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев қатысты.
Іс-шарада бақылаушы ретінде Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің Су ресурстары қызметі директорының орынбасары Абдыбай Жайлообаев болды.
Кездесуде келесі жылы сәуір айында өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын, сондай-ақ Қазақстанның 2024-2026 жылдардағы төрағалығы кезеңінде Атқарушы комитеттің жұмыс жоспарының орындалуын талқыладық. Сондай-ақ Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының және Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаның орындалу барысын талқыладық. Оған қоса, Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымы мен құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін қарастырдық.
Қазіргі уақытта Арал теңізі бассейнінде 42 экологиялық жоба іске асырылып жатыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің қолдауымен екі аймақтық гранттық жобаны бастау мүмкіндігі пысықталуда.
Отырыста қатысушылар Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің 26 наурызды Арал теңізі, Әмудария және Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау туралы ұсынысын назарға алды.
Кездесу соңында Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының шешімдеріне қол қою рәсімі өтті.
Жалпы бүгін Орталық Азияның экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды мәселелер қаралды. Халықаралық Аралды құтқару қоры – өңір елдерінің ортақ мүдделерін ескере отырып, кешенді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Аралды сақтау, трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару және өзге де өзекті мәселелер барлық тараптың тығыз ынтымақтастығын қажет етеді.
Нұржан Нұржігітов
10.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 122
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 124

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18535
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18396
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33578
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32129
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35900