Көксегеніміз – елдің амандығы

Көксегеніміз – елдің амандығы

Бүгінгі таңда орын алып жатқан ауыртпалық, Түркі, Сириялық бауырларымыздың басына түскен үлкен сын болды. Осы сәтте  үйде отырған, алғы шепте күресіп жүрген батырларымызбен қалауымыз бір. «Халқымыз аман болса екен» деген жалғыз тілек. Санымыз аз Қазақ елінің  де тарихта көрген, басына түскен ауыртпалығы аз емес. Мына қиындықтан да аман өту , қолдау  басты мақсатымыз. Халық пен билік арасындағы бірлік жарасып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез болып тұр. Өйткені орын алған орны толмас жәй тек бұл елдердің ғана емес, бүкіл әлемнің қайғысына айналды. Осының барлығы жүрекке қаяу түсіреді. Жалпы, біз қаза тапқан жанның жақындарының қасынан табылатын халықпыз ғой. Бұл нәубет әрқайсымыздың  есімізде қалары сөзсіз. Осы орайда әлеуметтік желіде ардагер ақсақалымыз, қоғам белсендісі Қасымхан Естемесұлы Төлендиевтің "Отандастарымды бірлікке, сабырлыққа шақырғым келеді" деген елімізде жүріп жатқан саяси науқанға алаңдап, еліміздің болашағы үшін бірлікке, сабырлыққа шақырған мәселе көтерді. Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақжайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет, т.6. толығымен осы мәселеде көтерілді. Ақиқатында құрметпен ынтымағы ұйыған елдің еңсесі биік, ертеңі айқын болары ақиқат. Сондықтан да, татулық пен өзара келісімді сақтау, Отанымыздың өркендеуі жолында еңбек ету – біздің ортақ ісіміз, мүдделі мақсатымыз. Елдігімізді сақтап қалу мен бірлігімізді баянды ету үшін әрбір азаматтың патриоттық сезімі, отансүйгіштік мүддесі ортақ мақсатқа тоғысқаны абзал. Біз үшін қанатты қағида – «Бірлік түбі – береке» елдігіміз бен бірлігіміздің мәңгі бойтұмарына айналуы тиіс. Мемлекет басшысы айтқандай "Ел үшін қызмет етейік" .Қариясын құрметтеген ел озады " демекші абыз ақсақалдарымыздың көтерген мәселелеріне, айтқан ақыл кеңесіне құлақ асып қолдайық. Атам қазақ: «Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дейді...» дегендей, Жаратқан Алла ауызбіршілігіміз бен ынтымағымызды арттырғай! Әумин!

Болат Үсембаев, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі
15.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 106
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 119
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 346
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 347
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 578
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 521

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9225
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8622
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11847
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9617
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10830