Көлеңкелі сауда айналымына тосқауыл қойылуда

Көлеңкелі сауда айналымына тосқауыл қойылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты екеніне екпін берген еді. Сонымен қатар мұндағы тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыруда болып тұр. Өткен жылдың қорытындысына қарайтын болсақ, барлық көрсеткіштер бойынша облыстық кірісшілердің жұмысының нәтижелі атқарылғанын көреміз. Яғни, республикалық бюджет жоспарының орындалуы облысымызда 105,5 пайызды құраған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 131,2 пайыз болып отыр. Ал жергілікті бюджет жоспарының орындалуы 106,9 пайызды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 123,8 пайызды құраған. Жергілікті бюджет бойынша өткен жылдың жоспарын барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары орындап отыр.  – Облыста өткен жылы сыртқы сауда айналымы 1 818,5 миллион долларды құрады. 2021 жылмен салыстырғанда ол 341 миллион долларға өсті. Бұған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің де қосып отырған үлесі аз емес. Бүгінгі таңда біздің департаменттің есебінде 103 689 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оның 91887-сі жеке кәсіпкер, ал өткен жылы 29657 тұлға жеке кәсіпкер болып жаңадан тіркелді, – дейді облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Уалихан Әлібеков. Есепті мерзімде кәсіпкерлік субъектілерінің салық міндеттемелерінің орындалуына ыңғайлы болу үшін «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасы бар. Бүгінгі таңда «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасын 28 034 салық төлеуші пайдаланып үлгерген. Салық төлеушілердің өз табысын азайтып көрсету жолдарын болдырмау және көлеңкелі сауда айналымына тосқауыл қою мақсатында сауда үйлері мен бөлшек сауда орындарында департамент өкілдері сауда-саттық операцияларында онлайн кассалық машиналарды қолдану бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтсақ, өткен жылы 16783 онлайн бақылау-кассалық машиналары тіркеліп, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,1 пайызға жоғарылаған. – Департамент тарапынан өткен жылы кәсіпкерлерге 657222 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 655 461-і электронды, 1761-і қағаз түрінде көрсетілген қызметтер, – дейді Уалихан Әлібеков.

Марат ҚҰЛИБАЕВ, aqjolgazet.kz
21.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829