Колледжде – жаңа жатақхана

Колледжде – жаңа жатақхана

Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал политехникалық колледжінің, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін салынған жатақхана пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Орал политехникалық колледжі ғимаратының ауласына салынған аталған нысан ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында оралдық студент жастардың білім алуы мен өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында екі жыл бұрын қолға алынған болатын. 150 орындық бес қабатты жатақхананың құрылысын «Болашақ-Т» ЖШС жүргізді.

– Жобаның ерекшелігі – жүз пайыз жеке инвестиция есебінен салынуы. Бұл – коммерциялық жоба емес, әлеуметтік жоба. Сондықтан нысанды тұрғызған құрылыс компаниясына әкелер пайдасы да аз. Соған қарамастан, атауына сәйкес, ел болашағы – жастардың жағдайына алаңдаған жергілікті мердігер «Болашақ-Т» компаниясының басшылығына алғыс білдіремін. Мемлекеттік бағдарламаның аясында инвестицияның басым бөлігі сегіз жылдың ішінде мемлекеттің тарапынан бөлінетін қаражатпен жабылады. Ағымдағы шығындар жатақханаға орналасатын студенттердің төлемақысы есебінен өтеледі. Ай сайынғы төлемақысы да қолжетімді. Нысан заманауи талаптарға сәйкес әрі қауіпсіз, – деген облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы жергілікті кәсіпкерлерді осындай әлеуметтік жобаларды іске асыруға атсалысуға шақырды.

Орал политехникалық колледжінің директоры Нұрболат Нұрпейісовтің айтуынша, мұнда бүгінгі таңда 592 студент оқиды, олардың 300-ден астамы – ауылдан келген жастар. Биылғы оқу жылында 150- ге жуық шәкірт жатақханада тұруға өтініш берген. Бұрын олар облыс орталығындағы Жол-көлік колледжінің жатақханасына келісімшарт негізінде орналасып келген. Енді оқу орнының ауласындағы жаңа жатақханада тұратын болады. Нысан жекеменшік болғандықтан, қалған орындарға басқа техникалық және кәсіптік колледждердің білім алушылары жатқызылады.

Салтанатты жиыннан соң облыс басшысы қонақтармен бірге жатақхананы аралап шықты. Жаңа ғимаратта жатын бөлмелерден бөлек медициналық кабинет, тренажер залы, сабаққа дайындалатын және тұрмыстық орынжайлар бар. Әр бөлме қажетті жиһаздармен жабдықталған. Ғимаратқа кіру үшін бейнебақылау камерасы мен турникет қойылған.

Бұл күні облыс әкімі Ғ.Есқалиев Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің үш жыл бұрын пайдалануға берілген жатақханасының тынысымен танысты. 144 орындық үш қабатты жатақхананы әлеуметтік жоба аясында «Хайрекешова.А» ЖК өз қаражатына тұрғызған.

– Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Жыл сайын әр студентке 122 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы төленеді. Жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Әлеуметтік санаттағы студенттерге жеңілдіктер қарастырылған, – деді жатақхана директоры Камила Сәрсеева.

Осы жатақханада тұрып жатқан Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының 3-курс студенті Рима Рамазан жағдайларының жақсы екенін жеткізді.

– Мен биыл соңғы курста оқып жүрмін. Бірінші курстан бастап жатақханада тұрамын. Жатақхана оқу орнына жақын орналасқан, қыста жылы, сабақ оқу үшін тегін интернетпен қамтамасыз етілген. Әр бөлмеде төрт адамнан орналасады. Қажетті тұрмыстық бөлмелер, жабдықтар жеткілікті, – деді колледж білім алушысы.

Облыс студенттерінің жатақханамен қамтылу жағдайынан хабардар еткен БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова: – Облыс көлемінде қазіргі таңда 34 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Оларда 17 мыңнан астам студент білім алуда. Орал қаласындағы колледж студенттеріне арналған жатақханалардың қажеттілігі жыл сайын осындай жаңа ғимараттар есебінен азайып келеді, – деді.  

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 366
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641