КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары және тиісті сала қызметкерлері қатысты.
🔰Күн тәртібіндегі бірінші «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жоспардың орындалу барысы, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарына сәйкес айыппұлдар салу, өндіру туралы» мәселеге байланысты Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Қ. Алдабергенов және Түркістан ауылдық округінің әкімі А. Шортанбаев хабарлама жасады.
🔰Хабарламашылар ауылдық округтердегі тұрғындардың өмір қауіпсіздігін сақтау және әртүрлі құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жергілікті құқық қорғау органының қызметкерлерімен бірлесе отырып, әр бағытта атқарған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, құқық бұзушылықты болдырмау туралы ауыл тұрғындарына мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Елді мекендердегі әлеуметтік нысандарға, үлкен автокөлік жолының бойы мен әлеуметтік нысандар орналасқан негізгі көшелерге бейнебақылау камералары орнатылған. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарын бұзған азаматтарға тиісті хаттамалар толтырылып, ескертулер берілген, айыппұлдар салынған. Ішкі істер бөлімінде есепте тұратын азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту жолға қойылған. Биылғы жылы ауылдық округтерде қылмыс тіркелмеген.
🔰Күн тәртібіндегі «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жоспардың орындалу барысы, пробация қызметінің адамдарын жұмысқа орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» екінші мәселеге байланысты «Мансап» орталығы аудандық филиалының директоры Д. Борсықов баяндады.
🔰2023 жылдың 1 қазанына пробация қызметінде 66 адам есепте тұр. Жыл басынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 38 адам тартылған. Сарысу ауданы әкімінің қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 4 адамға квота белгіленген. Бұл бойынша «Казфосфат ТКӨК» ЖШС-не 2 адам, «Жаңатас Су-жылу» КМК-на 2 адам жұмысқа орналасып, жоспар толық орындалған. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы құқық бұзушылықты болдырмау, олардың алдын алу бойынша жұмысты одан әрі жандандыру керектігін айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
04.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706