Көненің көзіндей болған қыш құмыралар

Көненің көзіндей болған қыш құмыралар

Жуырда Ұлытау бөктерінде дәстүрлі «Көкмайса» этно-фестивалі өтті. Әрісі Түркістан облысынан, берісі қазыналы Қаражал өңірі мен жазиралы Жаңаарқадан арнайы көрермендер мен қатысушылар келген айшықты шарада ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, көпшілікті қызығына кенелтті. Біз осы шараға қатысқан өнер адамдарының пікірлерін алған болатынбыз. Қыш құмыралар Қазақстан жерінде неолит дәуірінен бастап белгілі. Бір қуаныштысы, соңғы кездері осы көненің көзіндей болған қыш құмыраларды, жалпы, қыш бұйымдарын жасауға жастардың да талпыныс жасап жатыр. Солардың бірі қыш бұйымдар жасау шебері – Салтанат Сыздықова. «Көкмайса» фестиваліне келген көшпелі көрмеде осы Салтанат Қуатқызы шеберлік сыныбын өткізіп, қыш құмыраны жасаудың құпиясымен бөліскен еді. – Қазіргі мен жасап жүрген қыш бұйымдары мен көне қыш бұйымдарының айтарлықтай айырмашылығы жоқ, технологиясы бір, бірақ күйдіру процесінде ғана ерекшеліктер бар, ертеректе отқа салып күйдірген болса, мен арнайы пеште күйдіремін, – дейді қыш шебері. Шеберден қыш өнері туралы сұрадық, ұлттық өнер мұрасының қыр-сыры, ерекшеліктері, қолданылу аясы турасында әңгіме қозғадық. – Мен сұранысқа сай таба, құмыра секілді тұрмыстық бұйымдар жасаймын. Бұрын ата-бабамыз қыш бұйымдарды пайдаланған, қазір ғой Қытайдан, басқа елдерден әкелінген шыны ыдыстарға құмар болып кеттік. Олардың химиялық құрамы да бізге белгісіз. Ал балшықтың химиялық құрамы зиянсыз, табиғи өнім. Саз құрамында кальций мол болады екен, сондай-ақ оның құрамындағы радий элементі ағзадағы зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі екен. Жалпы, кейбір Азия елдерінде қыш өнері жақсы жолға қойылған. Мәселен, Үндістан, Өзбекстан халқы қыштан ыдыс жасап, күнделікті тұрмыста пайдаланып отыр… Сонымен бірге кәдесыйларға сұраныс бар. Неше түрлі кәдесый жасауға тырысамын. Ең бастысы, тұтынушының қалтасы көтеретіндей қылып жасаймын. Шағын қыш мүсіндерін, құмыралар, жан-жануарлар мен рулар таңбасы бейнеленген шағын бойтұмарлар жасаймын. Өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Ең бастысы бұйымдар жасайтын қышты Алматыдан алдырамын, – дейді Салтанат ағынан жарылып.

ІЗТАЙ БЕЛГІБАЙҰЛЫ
11.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 175
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 108
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 127
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 92
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 508
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 474
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 498
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 491
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 489
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 504
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 494
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9733
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9107
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12342
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10112
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11322