Коронарография əдісімен алғашқы диагностика

Коронарография əдісімен алғашқы диагностика

Шымкент қалалық №2 аурухана – қаладағы көп бейінді, бәсекеге қабілетті ұйым. Аурухана базасында ашылған кардиология бөлімшесіндегі төсек-орын саны қазір 22-ге көбейтілген. Бұрын созылмалы жүрек ауруын ғана емдейтін орталық енді өзге де жүрек дерттерін емдеп, кардиология бағытында күрделі оталар жасап жатыр.

Аурухана дəрігерлері жақында коронарография əдісімен жүрек ауруы бар науқасқа алғаш рет диагностика жасады. Күрделі ота аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы, рентген-хирург Асқар Рахматалиевтің жетекшілігімен өтті. Аурухана базасында алғаш рет жасалған ота кезінде білікті мамандар жүрекке жіңішке катетер жіберіп, шаштың қылындай ғана қан тамырдағы ақауды дер кезінде анықтады. Аурухана дәрігерлері жүрек-қан тамырындағы ақауды толық анықтайтын коронаграфия əдісін сәтті іске асырды.

Коронарография мамандандырылған операциялық бөлмеде рентген сәулелерінің бақылауымен жасалады. Рентгенде қан және оның тамырлардағы қозғалысы көрінбейді, ал рентген контрасты ерітінді қанмен араласып тек қана оны көрсетпей, бүкіл коронарлық тамырдың ішкі пішінін көрсетеді. Бұл дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Медицина мекемесінде кардиология саласындағы емдеу жұмыстарын одан әрі кеңейту, жүрек ауруына шалдыққан науқастарға жоғары мамандандырылған диагностикалық тексеру мен емдеу мүмкіндігін арттырып, жүрек-қан тамырларынан пайда болатын өлім-жітім көрсеткішін азайтпақ ниетте. Ол үшін ауруханада білікті мамандармен қатар, қажетті заманауи техникалық жабдықтардың барлығы бар.

– №2 аурухана базасында екі науқасқа коронарография жасадық. Науқастардың бірі он жыл бұрын жүрегіне орта коронарлық шунт отасы жасатып, стент қойған. Сол стент қойғаннан кейінгі тамырдағы өзгерістерге нақты диагностика жасадық. Ал екінші науқастың жүрек ырғағының бұзылысы болғандықтан жүрек қан тамырларындағы патологияны анықтай алдық. Нәтижесінде операциялық жолмен жасалған диагностикалық тексеруден кейін қос науқасқа да консервативті емдеу тағайындалды. Ауруханада кардиология саласын дамыту үшін басқа да республикалық деңгейдегі емдеу мекемесінен жоғары тәжірибелі мамандарды шақырттық. Білікті мамандар жасақталып, қазір осы саланы дамыту жағын мықтап қолға алдық, – дейді аурухананың бас дәрігері м.у.а. Асқар Рахматалиев.

Ш.Мекенбайұлы, Шымкент
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673