Көше атаулары жаңаруда

Көше атаулары жаңаруда

 

Орал қаласында тәуелсіздік жылдарында бірқатар көшелерге жаңа атау берілсе, атауы ескірген көшелер де назардан тыс қалмады.  

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі берген ақпаратқа сүйенсек, мұндай көшелердің саны 550-ден асады. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Мекенжай» базасындағы мәлімет бойынша жалпы қалада 39 шағынаудан, үш даңғыл, 949 көше бар екен. 

– Елді мекен, көше атауларын ауыстыру еліміздегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы Заңы, ел Үкіметінің  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы қаулысы негізінде жүргізіледі. Бізде ономастика саласында тұрғындардан түскен ұсыныстар қалалық ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобында қаралады. Оның құрамында ономаст-ғалымдар, тарихшылар, қоғам белсенділері, тіл жанашырлары –өлкетанушы ақын-жазушылар, мемлекеттік мекеме өкілдері бар, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев. 

Облыс орталығында 60-қа жуық көшеге Ұлы Отан соғысы батырларының есімдері берілген. Биыл 11 көшенің атауы жаңартылған. 2022 жылғы 8 сәуірдегі Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысына және шешіміне сәйкес, шаһардағы  М.Мәметова алаңы «Батыр қыздар алаңы» деген жаңа атауға ие болған. Себебі, бұл алаңға қазақтың ержүрек қыздары Х.Доспанова, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова – үшеуінің композициялық ескерткіші қойылған. Сонымен бірге «Московская» – Тәуелсіздік   көшесі, «Мирзоян» – Желтоқсан көшесі болып өзгертілді. Ал «Ескі әуежай» шағын ауданындағы мән-мағынасы көмескі көшелер енді белгілі қоғам қайраткері,  өлкеміздің әлеуметтік, мәдени-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан Шәпет Қоспановтың, соғыс және еңбек ардагері, «БҚО-ның Құрметті азаматы» Бисен Жұмағалиевтің,  Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті композитор, Қазақстанның халық артисі, профессор Базарбай Жұманиязовтың,  ҚР Халық әртісі, дәулескер күйші, композитор Тұяқберді  Шәмеловтің,  ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Орал қаласының Құрметті азаматы» Жанғали Набиуллиннің, «Орал қаласының құрметті азаматы», ҰОС ардагері, өлкетанушы Николай Чесноковтың, Мұнай-газ саласының талантты геологы, ғалым, «Орал қаласының Құрметті азаматы», академик Сухан Камаловтың,  өңірімізде құрылыс саласын дамытуға саналы ғұмырын арнаған «Еңбек сіңірген құрылысшы» Алдияр Рахметовтің есімдерімен аталады.  Сондай-ақ Зашаған кентіндегі Лбищенская – Қажығали Мұханбетқалиұлы, 3-линейная – Сабаз Арыстанов, Строителей – Қайыржан Арыстанәлиев көшелері болып қайта аталды. Қала маңындағы «Ынтымақ» (Ветелки) елді мекенінің атауы  бойынша әділет органында тіркеу жұмыстары жүруде.  

– Қала көшелерінің жаңа атаулары индекстерінің аншлагтарын бірыңғай жазу және орналастыру, қалаға бірыңғай келбет беру, мәдени-танымдық тәрбие және мекенжайлық деректерді біріздендіру сапасын арттыру мақсатында шаһарымызда көше аншлагтарын орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса шаһарда көше атауы туралы мәліметтерді цифрландыру бағытында басты даңғыл бойынша аншлагтар QR-кодтармен орнатылды, – деді Серік Ерболатұлы.  

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
17.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651