V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақ бәсекесі аяқталды. Алты салмақтың бесеуінде Қазақстан спортшылары алтын медаль жеңіп алды. Бір ғажабы, бұл 5 жігіт те Түркістан облысы, Төлеби ауданының өрендері. Атап айтсақ, Біржан Қосалиев, Сырым Ізбасаров, Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек және Дарын Өткелбай қарсылас шыдатпады. Сонымен бірге тағы бір жерлесіміз Есімхан Рахматтіллә күміс жүлде еншіледі. Батырларымыз ат үстіндегі қарсыластарын аттан жұлып алып, нағыз чемпион екендерін дәлелдеді. Осылайша, аударыспақ спортынан Түркістан өңірінің жігіттері әлемде үздік атанып, Қазақстанның абыройын аспандатты.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы аударыспақ сайысындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
60 келі:
1.Ермек Құралбай (Қазақстан)
2.Жексенбек Тұрдыбек (Қырғызстан)
3.Меліс Наурызбек (Моңғолия)
3.Алмас Камалдинов (Ресей).
70 келі:
1.Алмат Ләтіпбек (Қазақстан)
2.Бақытгүл Райханұлы (Қырғызстан)
3.Кодиржон Егамбердиев (Өзбекстан)
3.Өміртай Еркінбек (Моңғолия).
80 келі:
1.Дарын Өткелбай (Қазақстан)
2. Нодиржан Джунайдуллаев (Өзбекстан)
3. Қалыбек Бұзурманқұлұлы (Қырғызстан)
Илнұр Губайдуллин (Ресей).
90 келі:
1.Ислам Бердібекұлы (Қырғызстан)
2. Есімхан Рахматіллә (Қазақстан)
3.Инсат Хусайынов (Ресей)
3. Азизбек Зокиржонов (Өзбекстан).
100 келі:
1. Сырым Ізбасаров (Қазақстан)
2. Ерболат Жеңісбек (Қырғызстан)
3. Кулсар Даниел (Мажарстан)
3. Турдыкул Абдрахманов (Қырғызстан).
+ 100 келі:
1. Біржан Қосалиев (Қазақстан)
2. Кумушбек Қыдырәлиев (Қырғызстан)
3. Валентин Лакатос (Мажарстан)
3. Шәйітхан Қаржаубай (Моңғолия).