«Краснодар» – «Зенит». Чемпионатта кім көш бастайды?

«Краснодар» – «Зенит». Чемпионатта кім көш бастайды?

Бүгін Краснодар қаласында жергілікті «Краснодар» РПЛ 10-туры аясында чемпионат көшбасшысы «Зенитті» қабылдайды.

«Краснодар» бабында. Осы маусымда өз алаңында өткізген төрт матчта үш рет жеңіп, бір мәрте ғана ұпай жоғалтты. Шілденің соңында махачкалалық «Динамомен» тең түскен болатын. «Бұқалар» турнир кестесінде «Зениттен» екі ұпайға қалып, екінші орында келе жатыр. Осы матчтан кейін чемпионат көшбасшысы ауысуы мүмкін.

Сергей Семак шәкірттері осы маусымда «Краснодармен» бір мәрте кездескен, сол кезде Суперкубок матчында петерборлық клуб 4:2 есебімен жеңген еді. «Зенит» чемпионаттағы тоғыз матчтың екеуінде ғана жеңе алмады, «Химки» мен «Спартакқа» қарсы матчтары тең аяқталды. «Зенит» пен «Краснодар» арасындағы соңғы төрт ойын нәтижелі болды. Одан бөлек, Максим Глушенков жарақатынан айықты.

Командалар бір-бірімен 27 рет кездескен. «Зенит» 17 рет жеңіп, «Краснодар» үш мәрте ғана басым түсті, қалған жеті матч тең аяқталды.

prosports.kz
28.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540