Күлтөбе қалашығы несімен ерекшеленеді?

Күлтөбе қалашығы несімен ерекшеленеді?

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» атты ашық аспан астындағы заманауи археологиялық парк салу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда жобаның алғашқы кезеңі аяқталды. Айта кетейік, аталмыш қалашық сан ғасырлық тарихы бар ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі, яғни мемлекет тарапынан айрықша қорғалатын аумақта, Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында бой көтеретіндіктен, ол ЮНЕСКО-ның қадағалауымен жүзеге асуда. Нысан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына тиесілі болмақ. Жобаның екінші кезеңінде Күлтөбе қалашығы маңында заманауи туристік нысандар салуға көбірек көңіл бөлінбек. Жалпы бұл қалашыққа келген саяхатшылар қазақ халқының тарихынан, мәдениетінен, қасиетті Түркістан шаһарының өткенінен мол мағлұмат алады. Сонымен қатар, олар заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігіне ие болады. Қызықты әрі маңызды бұл жобада 3D форматының жетістіктері қолданылмақ. Қалашық маңындағы нысандардың барлығы ою-өрнектермен безендіріледі. Онда өңірімізден табылған археологиялық жәдігерлер мен қазақ мәдениетінен, қолөнерінен сыр шертетін дүниелер де жұртшылық назарына ұсынылады деп күтілуде. Бұл жоба әлі де зерделенуде. Алдағы уақытта тиісті шешім қабылданады. Қазіргі таңда «Күлтөбе қалашығын» қалпына келтіру мен ғылыми-зерттеуге ЮНЕСКО мен ИКОМОС ұйымдарының дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылары мен жергілікті ғалымдар атсалысуда. Қалашықта әртүрлі кезеңдердегі нысандардың эскиздері, қолөнершілердің тұрғын үйлері, заттар, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, ішкі аулалар және XII-XIX ғасырлардағы бекініс қабырғаларының элементтері табылған. Бұйыртса жәдігерлер «Күлтөбе қалашығы» паркінде саяхатшылардың назарына ұсынылмақ. «Күлтөбе қалашығы» атты ашық аспан астындағы археологиялық парктің құрылысын биыл аяқтау жоспарланған. Оның жалпы аумағы 30 гектарға жуық болса, көгалдандыру аумағы 20 гектардан асады. Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғыларды орнату жұмыстары жүруде. «Қондырғылар жергілікті климатқа төзімді» дейді сала мамандары. 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
31.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 54
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 80
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 136
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 59
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 89
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 110

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12836
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16093
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14997
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20047