Күрес: Мысырдан 13 медальмен оралдық

Күрес:  Мысырдан 13 медальмен оралдық

Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен өткен Ибраһим Мұстафа атындағы халықаралық тейтингтік турнирде қазақстандық балуандар 13 медаль ұтып алды. Қазақстан құрамасы бұл жолғы доданы 2 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен қорытындылады.

Еске салсақ, Египеттегі турнирдің алғашқы күні қазақстандық балуандар 7 медаль, екінші күні 3 медаль, үшінші күні 2 медаль жеңіп алған еді.  Әсіресе, алтыннан алқа таққан балуандарымыздың жеңісін ерекше атап өткен жөн. Мәселен, грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақтың финалында екі қазақ балуаны белдесті. Аманғали Бекболатов пен Марлан Мұқашевтің арасындағы жекпе-жекте 6:1 есебімен Бекболатов жеңіп, турнир чемпионы атанды. Бұл салмақтағы қола жүлдені тағы бір қазақ балуаны Исхар Құрбаев иеленді. 67 келі салмақтағы Мерей Бекенов өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, елімізге екінші алтын жүлдені сыйлады. Шешуші айқаста ол грузиялық Джони Хецурианиді ұтты.  

Айта кетерлігі, Марлан Мұқанов алғашқы айналымда әлем чемпионы Нугзари Цурцумияны 13:4 есебімен ұтқан. Нугзари 2019 жылғы әлем біріншілігінің финалында қазақстандық Хорлан Жақаншаны жеңген болатын. Сонымен қатар Нугзари былтырғы әлем біріншілігінде Аманғали Бекболатовты да жеңген. 

 

Ермек Сахариев
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 820
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6894
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10730
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6963
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7102