КУРСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

КУРСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП
Еліміз егемен ел болағалы өмірімізде түбірлі өзгерістер мен ашық қоғам ретінде тарихи бетбұрыстар жасалып жатыр.
«Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талап сыйлайды», - деген халық даналығында.
Ел жаңғыруындағы білім үлесі қомақты.
Қоғам ілгері дамыған сайын түрлі өзгерістердің орын алуы, жаңа бастамалардың өмірге ке­луі заңдылық.
Бұл даму мен ілгерілеудің негізі болып табылатын білім саласында жарқын кө­рініс табуда.
Жаңа заман сұранысына сай оқытудың жаңа жүйесі қолға алынып, әлемдік кеңіс­тікке енуге сәтті қадамдар жасалынуда.
Бұл ұстаздар жұмысына айрықша серпін беруде.
Оқыту үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізумен қатар сананы рухани жаң­ғыр­тудың да мәні зор
Қай саланың болсын ілгері дамығаны абзал.
 Соның ішінде ел ертеңі — болашақ жастарды қалыптастыратын білім саласының орны ерекше.
Мектептің басты құндылығы — мектеп қоғамдастығын құрайтын адамдар.
Оған штаттық қызметкерлер, оқушылар, ата-аналар және қамқоршылар кіреді.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болу керек пе?
Мектеп директорлары мен мұғалімдер алдында тұрған басты міндеттер қандай?
Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жас мамандарды тұрақ­тан­ды­ру – білім беруді дамыту бағыт­та­рының бірі.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыру.
Яғни, бі­лім беру ұйымдарының қыз­ме­тінің нәтижесі – сапалы білім­мен қа­руланған түлек.
 Міне, осы орайда бүгін Қаратау қаласы М.Әуезов атындағы орта мектебінің базасында мектеп директорлары курстан өтуде.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Олай болса ізденімпаз мұғалім ғана өз шығармашылығын жаңа формация мұғалімі болуымен, бәсекеге қабілеттілігімен, кәсіби шеберлігімен нақты нәтижеге қол жеткізе алады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның талантын, қабілетін дамыту басты назарға алынып отыр.
Осы мақсатта жаңартылған білім бағдарламалары бойынша арнаулы біліктілік курстары жоспарлы жүргізілуде.
Қазіргі мектепті басқаруды ізгілендіруге байланысты мектепті басқарудың әдіс-тәсілдерін, көшбасшылық міндеттерін терең түсіндіруде Аудан бойынша мектеп директорлары жаппай курстан өтуде.
Ұлы педагог Сухомлинский: «Басқару дегеніміз – адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жан дүниесіне үңіле білу.
 Басқарушылық шеберлік пен басқарушы өнер, даналықты жүрекпен ұға білу» деген екен.
Біздің мектеп көшбасшылары қысқа мерзімді курстан өзімізге қажетті білім ала білді.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,-деп ізгі ниетімізді білдіремін.
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
23.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 24
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 55
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 37
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 63

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1210
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7255
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11119
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7318
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7465