Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру сынды стратегиялық міндетке ерекше тоқталғым келеді. Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың, Ұлттық қауіпсіздік органдарымыздың, сыртқы барлау қызметтеріміздің жұмысын қайта құру қажет. Олардың барлығы бір мақсат – кез келген сипаттағы және ауқымдағы қатер кезінде азаматтарымызды, конституциялық құрылымды, егемендікті барынша тиімді қорғау үшін жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Мұны мемлекетіміздің түбегейлі мүддесі талап етеді. Ішкі істер министрлігінде арнайы құрылым және ұлттық гвардия құрамының санын арттыру қажет. Сонымен қатар олардың дайындығын күшейту жұмысына да басым бағыт беріп, ішкі және арнайы құрылым, әскер, ұлттық гвардияны қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамту да маңызды. Одан бөлек арнайы құрылым қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек. Сондай-ақ, отандық полицейлердің құқығын қорғау деңгейін көтеруқажет», – деді.