Лагерьлердегі өрт қауіпсіздігі

Лагерьлердегі өрт қауіпсіздігі

Оқушылар көптен күткен жазғы демалыс келді. Осыған байланысты, жүздеген және мыңдаған жасөспірімдер оқу жылынан кейін демалыстың бір бөлігін өткізетін лагерьлер мен санаторийлерге барады. Сондықтан маусымдық ауа райы жағдайларын ескере отыра, лагерьлердің өртке қарсы жағдайына басты назар аударылады. Олардың едәуір бөлігі қала сыртында, соның ішінде орманды дала аймағында орналасқан. Тәжірибе көрсеткендей, жазғы демалыс кезінде қала сыртындағы балаларды сауықтыру мекемелерінде өрт орын алып тұрады. Осыған байланысты, каникулды жаман естеліктермен бүлдірмеу үшін Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы лагерьлердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын еске салады.

Облыстың білім басқармасымен жасалған меморандум және алдын алу жоспары аясында облыс әкімінің орынбасары бекіткен жазғы сауықтыру лагерьлерінде білім, денсаулық сақтау басқармасымен және полиция департаментімен бірлесіп Алакөл ауданының «Шағала» және «Жалын» балалар сауықтыру лагерьлерінде «Қауіпсіз демалыс» акциясы өткізілді. Бұл акция балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережелеріне, өрт кезіндегі әрекеттерге және басқа да төтенше жағдайларға қызығушылығын дамытуға бағытталған.

Жетісулық ТЖД қызметкерлері балаларға, тәлімгерлерге және лагерь басшылығына суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша, қандай да бір төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттер жасау керектігін балаларға өздерінің құтқару және басқа да жұмыстарды орындайтын киім-кешектерін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті. Балалар белсенді сұрақтар қойып, құтқарушылардың жұмысына деген қызығушылықтарын көрсетті. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап ала отырып, құнды білім алды. Құтқарушылар мұндай тәжірибелік сабақтардан кейін балалар тұрақты және төтенше жағдайларға дайын болады деп санайды.

 

Шара соңында өрт сөндірушілер балаларға нағыз субұрқақ ұйымдастырып, балалар шын жүректен көңіл көтерді. Бүлдіршіндер өзара әсерлерімен бөлісті. Демалушылардың дені құтқарушы болып, адамдарға көмектескісі келетінін айтты.

АЯУЛЫМ САНСЫЗБАЕВА
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8771
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8171
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9154
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10385